Хасан Қасымбаевтың анасы мен жұбайы Тоқаевқа үндеу жасады
Фото: Бейнеден кадр
Қонаев қаласында Хасан Қасымбаевтың туыстары Қазақстан президентіне видео үндеу жазып, қылмыстық істің тергеуіне әділдікті талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың айтуынша, Қасымбаев мүлде кінәсіз және оған тағылған айыптар негізсіз. Туыстары істің объективті әрі бейтарап қаралуын сұрап отыр.
Қасымбаевтың анасы Гүлнәр Нұракенованың айтуынша, баласын жазықсыздан-жазықсыз қаралап отыр екен.
«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев менің баламның ісін өз қарамағыңызға алып, әділетті шешіп беруіңізді сұраймын. Оның ешқандай кінәсі жоқ. Тергеудің әділетті өткенін талап етемін», — дейді анасы.
Хасан Қасымбаевтың жұбайы Зүлфия Қасымбаева күйеуінің қандай адам екенін араласатын ортасынан сұрасын деп, оның көпшілік айтып отырғандай жауыз емес екенін жеткізді.
«Хасан туралы не болса соны жазғанша, неге оның қандай адам екенін сұрастырмайды. Біз 15 жылдан астам ерлі-зайыптымыз, 3 бала тәрбиелеп отырмыз. Әлеуметтік желіде Хасанға қатысты жалған ақпарат көп. Оның рас-өтірігін ешкім тексеріп жатқан жоқ», — деді әйелі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық