Хасан ісіне байланысты тың ақпарат пайда болды
Фото: instagram/ Хасан Қасымбеков
«Хуторлықтар» қылмыстық тобының жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбеков ережесіз жекпе-жек шебері Арман Әлімовті күштеп ұрлауға арнайы тапсырыс берді деп айылталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасының мәліметінше, қылмыс 2021 жылғы 17 маусымда болған. Әлімовтің анасының айтуынша, шабуылды ұйымдастырушы ретінде Хасан қатысқан және қылмыс орнында өзі де болған. Әлімов ауруханада жатқанда, оның туыстарына түрлі қысым жасалған. Ол кезде тек бір ғана кінәлі адам шартты түрде жазаға тартылғанымен, көп ұзамай ол және сыбайласы Алматыдағы караоке-барда кісі өлтірген. Қылмысқа қатысы бар бес адамның барлығы тек өткен жылы ғана жауапкершілікке тартылды. Дегенмен, қылмысты ұйымдастырған Хасан іс бойынша сотта куәгер ретінде қатысып, жазадан құтылып кеткен.
Айта кетейік, 2021 жылы Хасанның ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
Бүгін таңертең Хасан Қасымбаев ұсталды. Полиция департаменті Қасымбаевқа қатысты істің мән-жайы зерттеліп жатқанын мәлімдеді.
«2024 жылғы 2 қарашада азамат Қ. 2021 жылдың маусымында азамат А.-ға қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлау күдігімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр» делінген департамент түсініктемесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық