Харассментпен айыпталған экс-депутаттың қызы Dequinе хейтерлерге жауап берді
Коллаж Orda.kz
Dequine лақап атымен танымал қазақстандық әнші харассментпен айыпталған экс-депутат әкесі Асқар Cадықовқа қатысты өз пікірін айтты деп, хабарлайды Orda.kz.
Әншінің айтуынша, болған жағдай оның жүйкесіне қатты әсер еткен. Күйзеліскке түскен депутаттың қызы көпшілік сияқты мұндай оқиға орын алады деп ойламағандығын айтты.
«Соңғы күндері маған және әкеме қатысты көптеген жаңалықтар пайда болды. Орын алған оқиғаның қалай өрбіп жатқандығын өздеріңіз көріп отырсыздар. Әкем Асқар Садықовты жұмыс орнында харрасмент жасады деп ашық айыптады. Сіздер сияқты мен де болып жатқан жағдайдан есімді жиа алар емеспін. Шынын айтқанда, мен не айтарымды да білмеймін. Не істеу керек, кімге сену керек және мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек екенін білмеймін. Өмір мені мұндайға дайындаған жоқ. Бұрын дәл осындай харассмент жағдайын бастан өткізген адам үшін бұл үлкен сынақ», — деді әнші.
Садықова орын алған жағдай өміріндегі ең қымбат деп саналатын жанұя және әйел құқығы құндылықтарын шытынатқандығын айтты.
«Мен бірнеше жыл бұрын харассмент пен зорлық-зомбылық атаулысына қарсы болғанымдай, дәл қазір де сол позиция мен принциптерге адал боламын. Мен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптаймын. Бұл қиын кезеңде мені қолдайтын және жанашырлық білдіретін жандардың барына сенемін. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте қымбат», — деп қосты әнші.
Dequine-нің әншілік мансабының басында харассментке тап болғандығы көпшіліктің есінде екенін айта кетейік. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі оқырмандарына ашық айтқан болатын.
Еске сала кетейік, 29 тамыз күні мәжіліс депутаты Асқар Садықовтың мандатынан айырылғаны белгілі болды. Артынша оның қызметкер әйелге ұятсыз ұсыныстар айтып, харассмент жасағандығы анықталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық