Хаменова неге үйқамаққа жіберілді? - Сот мәлімдемесі
Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың неліктен үй қамауына жіберілгенін түсіндірді.
Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сот ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының Хаменоваға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады.
«Сот күдіктінің - жалғыз басты әйел екенін, Атырау қаласында тұрақты тұратын жерінің бар екенін, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотталмағанын, бір өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін назарға алды, сот процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажеттігі туралы қорытындыға келді» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қылмыстық қудалау органы сотқа күдіктінің өз бетінше не сенім білдірілген адамдары арқылы бостандықта қалып, қылмыстық процеске қатысушыларға қысым көрсету арқылы істі толық және объективті тергеп-тексеруге және оны сотта талқылауға кедергі келтіруі мүмкін екенін, сондай-ақ тергеуден және соттан жасырынуы мүмкін екенін растайтын дәлелдемелер ұсынбаған.
Өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікті сатудың, тұрғылықты жері мен елдің шегінен шығу мақсатында жол жүру билеттерін сатып алудың және сол сияқтылардың расталған фактілері ұсынылмаған.
Хаменова ісі
12 желтоқсан күні Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үй қамағына жіберді. Енді ол сотқа дейін үйде болады.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін 4 млн 500 мың теңге көлемінде пара алды деп ұсталған.
Атырау облысына оларды ұстау үшін Нұр-Сұлтаннан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері арнайы келген. Облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушісі жауап алғаннан кейін оны уақытша ұстау изоляторына орналастырды.
Хаменовамен қатар ұсталған Ақылбек Рысқалиевті өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне кінәсін мойындап келгендіктен үйіне жіберді.
Қылмыстық істе тағы бір «адам» бар. Бұл – халық шығармашылығы орталығының директоры Жәнібек Аманиязов. Шенеуніктер параны осы кісі арқылы алуы мүмкін екені айтылған .
Облыс әкімінің орынбасары қызметіне Бақытгүл Хаменова өткен жылдың наурыз айында тағайындалды. Оған дейін Nur Otan партиясынан мәжіліс депутаты болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық