Хамас жетекшісі Газа секторындағы қырғындар үшін АҚШ-ты айыптады
Усама Хамдан/Cурет: almayadeen
Хамас жетекшілерінің бірі Усама Хамдан Газа секторындағы қырғындарға АҚШ жауапты деп санайды. Қозғалыс өкілі АҚШ Израильге қырғын соғысты жалғастыру үшін көмек беріп отырғанын алға тартты, деп хабарлайды Orda.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Ол сондай-ақ «Палестина халқына қарсы агрессияны тоқтату үшін» Вашингтонға қысым көрсетуге шақырды. Хамас ұйымының мәліметінше, Газада бүгінге дейін 9 488 адам қаза тапты, оның 3 900-і балалар. Осама Хамдан Израильдің 105 медициналық мекемеге шабуыл жасап, бес аурухананы жарамсыз етіп тастағанын, сондықтан жергілікті емханалар көптеген жаралыларға төтеп бере алмайтынын атап өтті.
«Біз АҚШ әкімшілігі мен президент Байденді [Газа секторындағы] қырғындар сериясы үшін толықтай жауапты деп санаймыз. Егер АҚШ басқыншыларға (Израиль - ред. ескертпесі) соғысты жалғастыру үшін жасыл жарық бермегенде, бұндай қырғын, геноцид соғысы болмас еді. Сионистік басқыншы бейбіт халқымызға қарсы сойқан қырғынды сағат сайын қайталауда» деп келтіреді ХАМАС жетекшісінің сөзін Al Mayadeen телеарнасы.
Жұма күні таңертең Израиль Газа секторындағы Аль-Шифа орталық ауруханасына іргелес аумаққа соққы берді. Салдарынан 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.
Естеріңізге сала кетейік, ХАМАС күштерінің шабуылы 7 қазан күні таңертең Израиль аумағында басталған. Ел аумағына жаудың әскери бөлімдері кірді. Көшелерде ұрыс басталды. Израильде қазақстандықтар көп. Олардың бірі Orda.kz тілшісіне палестиналық содырлардың Ашкелон қаласына шабуылының алғашқы кезінде не болғанын айтып берді. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху болып жатқан оқиғаны ауқымды соғыс деп атауға болатынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық