Халықаралық волонтерлар форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды
20-21 маусымда Астанада өтетін форумға еліміздің әр өңірінен төрт жеңімпаз қатысады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі, волонтерлардың республикалық фронт-офисі, «Ұлттық волонтерлік желі» ұйымдастыратын Халықаралық волонтерлар форумына қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарлады.
Байқауға қатысуға 18 жасқа дейінгі белсенді волонтерлар, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың жетекшілері, бастамашыл топтар шақырылады.
Байқау ережелерімен танысып, қалаған адам өтініш бере алады.
Өтінімдер 15 мамырға дейін қабылданады, байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады. Еліміздің әр өңірінен төрт жеңімпаз 20-21 маусымда Астанада өтетін Халықаралық волонтерлар форумының қатысушысы атанады.
«Форум волонтерлар мен волонтерлік ұйымдар үшін ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналады, оған 30-дан астам елден, сондай-ақ Қазақстанның бардық өңірлерінен делегаттар қатысады деп күтілуде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық еріктілерді жұмылдыру жылын өткізу туралы бастамасы», - деп хабарлады министрлік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық