Халық сапасыз салынған үйлердің астында «Үлкен мола» болып қалатын шығар! - Айгүл Орынбек
Қазақстандық заңгер Айгүл Орынбек жергілікті тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейтінін ашық айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
«Бізде салынып жатқан үйлердің сапасы жер сілкінісі түгілі, қатты жел тұрса шыдамайды!
Жер сілкінсе, бітті…! Халық сапасыз салынған үйлердің астында «Үлкен мола» болып қалатын шығар!» деп жазды ол.
Ол жер сілкінбей-ақ құлап, жарылып жатқан үйлердің қабырғасын күнде көріп жүргенін атап өтті.
«Ең сапалы деп алған үйімнің өзі - сапасыз болып шықты. Жазбаған жерім қалмады, құрылыс компанияларын тексеруге ешкімнің құзыреті жоқ!
Себебі, компаниялардың бәрі дерлік - үлкен-үлкен шенеуніктердің туысқандарына тіркелген!
Мемлекеттен миллиардтап тендерін алып, сапасыз үйлерін салып, «бөлісетіндермен» бөлісіп, ішіп-жеп, дым білдірмей беттері быттыйып, талтаңдап жүр! Арыз жазсаң – «жеңе алмайсың, артында бір «Дәу» тұр, деген әңгімесін алға тартып, прокуратура сыпайы түрде шығарып салады.
Сосын Заңды қадағалап отырғандар осылай деген соң басың салбырап қайтасың!» деп күйінді заңгер.
Айгүл Орынбек Түркиядағы жағдайдан Қазақстан сабақ алу керек екеніне сенімді.
«Үйлердің жанына жабыстырып үй салып, қауіпсіздік шараларын сақтамай, ақшаға құнығуды доғару керек!
Апат деген - айтып келмейді!
Адам өмірі мен қауіпсіздігі - әрқашан бірінші орында тұру керек!
Сапасыз үй салып, құрылыстан жеген ақшаларыңа мешіт салғаннан күнәләрің жойылмайды!Түрмеден қорықпасаңдар да, Құдайдан қорқыңдар!» деп қорытындылады ол өз жазбасын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық