«Халық парламентінің» алғашқы отырысы өтіп жатыр
Бүгін Алматыда «халық парламентінің» алғашқы отырысы өтіп жатыр. Оның құрамында Мұхтар Тайжан, Рысбек Сәрсенбай, Лұқпан Ахмедияров, Нұржан Әлтаев сынды азаматтар бар.
24 наурызда Алматыда сайлау қорытындысымен келіспеген қоғам белсенділері жиын өткізіп, билікке талап қойған еді. Журналист Рысбек Сәрсенбайұлы «халық парламенті» құрылғанын жариялап, жұмыс тобын құрды.

Жиында сөз алған журналист, белсенді Инга Иманбай саяси тұтқындарға араша сұрады.
«Халық парламентінің» мүшесі Рысбек Сәрсенбай сайлауды мектептен тыс жерде өткізуді ұсынды. Сондай-ақ Назарбаев пен оның әулетінің жымқырған мүлкін мемлекет меншігіне қайтару керек екенін басты талап ретінде атап өтті.
Сонымен қатар Рысбек Сәрсенбай Қазақстанның «пайдасыз» одақтар – ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығу қажеттігін мәлімдеді.
Оразалы Ержанов президенттік басқарудан парламенттік басқару түріне көшуді көздейтін Конституцияға өзгертулер енгізу бойынша сәуірдің аяғында немесе мамырдың басында референдум өткізуді ұсынды. Сондай-ақ Мәжілістегі мандаттарды 300 адамға дейін ұлғайтып, оның жартысы бір мандатты округтерден сайланатын болсын, деді.
«Халық парламенті» отырысы «Тянь-Шань» қонақүйінде өтуі керек еді. Бірақ қонақүй әкімшілігі шараға бір-екі күн қалғанда ұйымдастырушыларға орын беруден бас тартты. Соның салдарынан ұйымдастырушылар жиын орнын шұғыл түрде өзгертуге мәжбүр болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық