«Халық парламенті» жиыны жаппай серуенмен аяқталды
Алматыда Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына бұрынғы кандидаттар кірген «Халық парламентінің» алғашқы отырысы өтті.
Абай даңғылының бойындағы ақын Абай ескерткішінің алды өздерін «Халық парламенті» (19 наурыздағы сайлау нәтижесімен келіспейтін мәжіліс пен мәслихат депутаттығына бұрынғы үміткерлер) деп атаған белсенді топ өкілдерінің серуендеп келіп, тоқтаған жері болды.

Қатысушылар бірауыздан Абай метро бекеті жанына жиналды. Маңайда торуылап жүрген азғантай тәртіп сақшылары да жаяу жүргіншілерге байсалдылық танытты. Ешкімді жұлқылап, сүйреп, ұстаған жоқ.
«Халық парламенті» сайлау заңнамасының ашықтығы мен жариялылығын, сондай-ақ кандидаттарды тіркеу тәртібін қамтамасыз ету мақсатында оларды өзгерту бойынша 7 жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, олар депутаттық мандаттарды үш есе ұлғайта отырып, Мәжіліске үлкен өкілеттіктер беру, президенттік басқарудан парламенттік басқару түріне көшу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныстарын бекітіп, тарасты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық