Тараздағы «сақалды құрылыстар» неге тоқтап тұр?
Тараз қаласы әкімдігі берген мәліметке сенсек, 2023-2025 жылдары салық төлеушілердің қаражатынан 1200 орындық концерттік зал, Құмшағал аумағында мәдениет үйі мен қолөнершілер үйі және Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің өнер орталығы бой көтермек.
Қалалық әкімдіктің жаңа ғимаратын соғудан бөлек қаланың көрікті жерінен жер телімін беріп, оны жеке меншікке сатып қазір еш шарасыз күйде тұрған «сақалды құрылыстар» туралы сөз қозғаймыз.
Тараз қаласы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Арман Әбдешовтің мәліметінше, бүгінгі күні ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған 17 нысан бар. Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқаны 6 нысан ғана. Жобалық сметалық құжаттамаларын дайындалуда деген 4 нысан бар. Оған қаражатқа және ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтап тұрған 7 нысанды қосыңыз.
«Һибатулла Тарази» орталық мешіті мен «Жеңіс» паркінің ортасында орналасқан көп қабатты бос тұрған ғимарат мәселесі әлі тұралап тұр. Өзіне қол жұмсағысы келетіндердің нағыз орнына айналған. Әупірімдеп жүріп, әкімдік «сақалды құрылысты» қоршап тасты.
Тараз қаласындағы ең үлкен жол болып саналатын Жамбыл даңғылы бойында бірнеше «сақалды құрылыстар» қаңырап тұр. Біріншісі, «Балташ» мейрамханасы, ол күрделі жөндеуден өтіп жатқанда иесі пандемиядан қайтыс болып кетті. Сол жағдаймен әлі күнге дейін тұр. Әкімдік қызметкері биыл аяқталады деп сендірді. Бірақ мейрамхана емес, оқыту орталығын жасаймыз дегенге келтірді.

Жамбыл даңғылында бір біріне жақын, біреуі әкімдіктің тізілімінде бар, екіншісі байқалмады. Тізімнен табылған «қаңқалары» ғана тұрғызылған ғимараттар. Нысанның бастапқы мақсаты - үй жайларға қызмет көрсету болса, 2018 жылдан отбасылық демалыс орталығын саламыз деп жатыр екен. Жердің аумағы 1,4 га. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда деген тізімде.

«Қаңқалы» ғимарат пен Жамбыл медициналық колледжінің аралығында орналасқан түсініксіз тағы бір ғимарат бар. Орналасқан жері тура «медколледж» аялдамасының артында. Ол «қызыл сызықтың» асып түскен секілді. Дегенмен бұл нысан әкімдіктің «сақалды құрылыс» тізімінде болмай шықты. Екі қабаты көтеріліп, үшінші қабатқа келгенде құрылыс тоқтап қалған. Жамбыл медициналық колледжінде жатақхана болмай тұрған кезде дәл колледж жанындағы тағы бір құрылыс бой көтере алмай тұр. Orda.kz тілшісінің мәліметінші аталған құрылыстың төлқұжаты да жоқ.
Бұл нысанды да «сақалдылар» қатарына кіргізетін ой бар ма, әлде үлкен дөкейлер «крышавать» етіп отыр ма екен деген ой келеді.
Қайткен күнде де мемлекеттен қыруар қаржы бөлгізіп, одан тұрғындардың табысы артпаса мұның қаншалықты қажетілігі бар. Қаланың дәл орталық көшелерінен жер телімін алып алып оны пайдаға асырмай жатқандарды, құрылысты жүргізе алатындарға қайта беруді заң жүзінде қарау керек секілді. Салығы төленбесе, қоғамға ешқандай пайда әкелмесе, ондай нысандардың мәселесін көтеру керек.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық