Халық сүйсінген 93 жастағы зейнеткер-ұстаз кім?
Әлеуметтік желіде бұрынғы оқушыларына сабақ беріп жатқан 93 жастағы әжейдің бейнежазбасын көрмеген жан қалмаған шығар, сірә. Жүректі жылытар, адам бойындағы сүйіспеншілікті оятқан зейнеткер кім?
Orda.kz осы кісі туралы ақпараттарды ұсынады.
Нәбия Ғұбайдоллақызы – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мәштексай ауылының тұрғыны. С. Меңдешев атындағы орта білім беретін мектепте қызмет етіп, зейнетке шыққан. Зейнеткер Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарып, «Тыл ардагері» атанған. 9 баланы дүниеге әкелген «Алтын алқа» иегері, көпбалалы ана. «Ардагерлер қоғамынан» алған «Халық құрметі» төсбелгісі бар тұлға.



Оқушыларының айтуынша, әлі де берілетін «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» төсбелгісі бар. Ол туралы ауылдық әкімдік және аудандық мәслихат депуттатарымен мақұлданған.
Оқушысымен сұхбат
Нәбия Ғұбайдоллақызынан тәлім алған оқушыларының бірі Гүлзада Бисақаева әлеуметтік желіде көпшіліктің көзайымы болған зейнеткер туралы айтты.
– Өз ұстазыңыз жайлы қандай қызықты деректерді білесіз? Ұстазыңыздың видеосы әлеуметтік желіге таралып кеткенінде қандай сезімде болдыңыз?
– Біз Нәбия Ғұбайдоллақызының оқушыларымыз. Ол бізге 4-5-6-7 сыныптарда жетекшілік етті. Біз ұстазымыздың ең кенже сыныбымыз. Әр сөзінде: «баланың кенжесі деген тәтті болады ғой» деп айтып отыратын. Бізді ерекше жақсы көрді. Былтыр 25 мамырда біз 40 жылдық кездесу жасадық. Ұстазымыздың көзі тірі болған соң, оны ауылға, өзіміз оқыған орта мектепке алып бардық. Ол әлі де тың. Есту қабілеті мен есте сақтау қабілеті өте керемет. Өзіміздің естелікке толы сыныбымызға барған соң, әркім өзінің көршісімен отырып, сабақ өттік. Мына әлеуметтік желіге тараған видеоны негізі қызық ретінде түсіріп, естелік ретінде жүктедім. Нәбия апай бізге біраз нәрсе үйретті. Бірінші өзіміздің ата-анамыздан, екінші осы кісіден тәлім-тәрбие алдық. Бізге адал еңбек етуді, жақсы азамат болуды насихаттады. Нәтижесінде көбі үлкен қалаларда еңбек етіп, қалғанымыз Орал қаласындамыз. Ол кісінің көп те марапаты жоқ, сол себептен еңбегі еленсе екен, жұрт таныса екен деген оймен Instagram-ға салған болатынмын. Кеңінен таралып кеткеніне өте қуаныштымын.

– Ол кісінің отбасылық жағдайы қазір қалай және қандай нақыл сөзі есіңізде қалды?
– Нәбия апайымыз 9 баланы дүниеге әкелген ана. Қазір әр баласы ЖОО-ны бітіріп, өздерінің еңбек жолында жүр. Ол кісі өз балаларымен қатар, жетекшілік еткен оқушыларын да бірдей көретін. Біз ойлаймыз, осы кісінің еңбегі БАҚ өкілдеріне еленіп, көбірек мақала жазылып, көбірек теледидар бетіне шықса екен деп. Сол арқылы көпшілікке тәрбие болса екен дейміз. Бірақ өзі әр кездескен сайын «Менің марапатым – сендер, менің марапатым – шәкірттерім» деп айтып отырады.



Қорытынды
Ұстаз – ұлағатты есім. Ғылымның иесі ғалымнан бастап, мал баққан қойшыға дейін оның алдында бас июі керек. Ұстаздың еңбегі – өмір бойы бағаланатын, болашақ ұрпақтың жақсы азамат болып қалыптасуына негіз болатын маңызды және қасиетті жол. Нәбия Ғұбайдоллақызы да осы ұстаздық жолында біраз тер төгіп, қазір оқушыларының жемісін көріп отырған тұлғалардың бірі.
Жаңалықтар
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді