«Халық қаһарманы»: Назарбаевтың күзет қызметі басшысына орден табысталды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сәт Тоқпақбаевқа ерекше белгі — Алтын жұлдыз және «Отан» орденін табыстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жақында ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері «Халық қаһарманы» атағын алғаны жайлы Orda.kz жазған болатын. Бүгін марапаттау рәсімі Ақорда резиденциясында өтті.
«Тәуелсіздік алғаннан кейін сіз аса жауапты міндеттерді орындадыңыз, еліміздің тұрақтылығы мен тұтастығын сақтап қалу үшін қажымай еңбек еттіңіз. Бұл нағыз ерлік. Қазіргі уақытта да халық игілігі үшін еңбек ететініңізді бағалаймыз. Сіз Қазақстанның лайықты азаматысыз», — деді мемлекет басшысы Сәт Тоқпақбаевқа.
Сәт Тоқпақбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, қорғаныс министрі және Мәжіліс депутаты болып қызмет етті. Сондай-ақ, ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күзет қызметін басқарды.
10 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл атаққа ие 37 мемлекеттік тұлға бар. Олардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов, Тоқтар Әубәкіров бар.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді