Халық банкі Құлыбаевтар компаниясына 193 миллиард теңгеге жуық дивидендт төлейді
Фото: Ақ Жайық
Халық банкі 277 миллиард теңгеден астам дивидендтер төлеуге шешім шығарды. Оның шамамен 193 миллиард теңгесін Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева басқаратын «ALMEX Holding Group» АҚ алады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2024 жылғы 25 сәуірде өткен сырттай дауыс беру арқылы банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында банктің 2023 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша банктің жай акциялары (ISIN KZ000A0LE0S4) бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғанын хабарлады: бір жай акцияға есептелген дивиденд мөлшері: 25,43 теңге; дивидендтерді төлеудің басталу күні: 2024 жылғы 3 маусым; дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны: күн басындағы жағдай бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні (00.00) 2024 жылғы 15 мамыр (Алматы уақыты); Дивидендтерді төлеу нысаны қолма-қол ақшасыз. Банк акционерлеріне төленетін дивидендтердің көлемі 277 397 404 056,36 теңге болды» деп хабарлады жұма күні Қазақстан қор биржасы (KASE).
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Халық Банкі жай акцияларының 69,52%-ы ALMEX холдингтік тобына тиесілі. Осылайша Құлыбаевтар компаниясы 192,8 млрд теңге дивиденд алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық