Халықты Украинадан шығарған дипломаттар марапатқа ұсынылады
Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялағаны үшін дипломаттарды мемлекеттік наградалармен марапаттауды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарды Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялағаны үшін мемлекеттік наградалармен марапаттауды тапсырды, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау бойынша Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың жұмысын жіті бақылауда. Мемлекет басшысы қабылданған шараларды жалпы нәтижелі деп бағалайды. Соғыс басталғаннан бері 553 отандасымызға көмек көрсетілсе, оның 432-сі отанына оралды. Олардың көпшілігі құтқарылғаны үшін презмдентке алғыстарын білдіреді» делінген хабарламада.
Оның айтуынша, Украинадан біздің азаматтарды эвакуациялау бойынша дипломатиялық бөлімнің қызметі жалғасуда.
«7 наурызда Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевқа осы елден Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қатысқан дипломаттарды, Украинадағы құрметті консулдарды, басқа да ведомстволардың қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттауды тапсырды» деп түйіндеді Уәли.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық