Халық бір қолы жоқ такси жүргізушісіне су жаңа көлік сыйлады
скриншот
Халық мүмкіндігі шектеулі такси жүргізушісіне ақша жинап, оған су жаңа көлікті сыйға тартты. Бұл туралы журналист Мақсат Толықбай өз парақшасында жазды.
«Сүйінші! Алты алаштың атынан Ақарысқа темір тұлпар мінгіздік. Мүгедектігіне механика машақат болған таксишінің автомат алсам деген арманын орындадық. Кia k5 маркалы машина клиентке де, таксиге де қолайлы. Кореядан келген күйі осы. Ақарыс Қазақстандағы бірінші қожайыны. Құтты болсын, игілігіңізге мініңіз. Айта кетейін, осыдан бірнеше күн бұрын яндекс таксиге отырдым. Қарасам, жүргізушінің оң қолы жоқ. Расында механика ыңғайсыз, коробка автомат алу керек қой дедім. «Оған жағдай қайда, арманым да сол» дейді. Қолым жоқ демей, күндіз-түні жолаушы тасып, бала-шағасын асырап, адал нәпақа тауып жүрген азамат. Ақарысқа коробка автомат көлік сыйлап қуантсақ қайтеді» деп ұсыныс тастаған едім, инстаграмдағы ағайын қолдай кетті. Сол үшін қара ормандай қалың қолдаушы оқырманға мың алғыс!» делінген жазбада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық