Халық Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қызметінен кетуін талап етеді
Жұртшылық Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қызметінен кетуін сұрайды, деп жазады Ratel.kz –ге сілтеме жасап ORDA. Облыс халқы аймақтағы сыбайлас жемқорлықтың өсуіне наразы.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы облысының білім басқармасының бастығы Майгүл Омарова мен оның әріптестерінің ұсталғаны туралы ақпарат жарияланғаннан кейін, облыстың көптеген тұрғындары аймақта сыбайластықтың күн санап өсіп келе жатқанына наразы болды. Жұртшылық әлеуметтік желілерге ашулы жазбалар қалдырып, Whatsapp-қа хабарлама жіберді.
Ratel.kz тілшісі Іле ауданының азаматтық белсендісі Жан Шыңғысовтан оның облыс әкімі Амандық Баталовтың отставкаға кетуі туралы талабына түсініктеме беруін сұрап хабарласқан. Жан Шыңғысов ұзақ уақыт бойы саяжай мәселелерімен айналысады. Ол осы қауымдастықтардың заңдастырылуын және онда тұратын адамдарға қолайлы тұрмыстық жағдай жасалуын талап етеді.
«Жемқорлық жолына түскен барлық әкімдерді Амандық Баталов жеке өзі тағайындады. Қарапайым мысал - Талғар облысының ұсталған экс-әкімі Серікжан Ерекешев. Бұған дейін ол Іле аймағында қызмет атқарған. Оның басшылығында қала маңындағы жерлерде, әсіресе «Жомарт» тұтынушылар кооперативінде алаяқтықтар болды. Жауапкершілікке тартылудың орнына, ол Баталовтың қолымен «жоғарылатылады», - дейді белсенді.
Жан Шыңғысов 2019 жылы Талдықорғанға Баталовпен кездесуге барғанын, оның алдын-ала жазылғандығына қарамастан әкімнің қабылдамағанын. Оны сол кездегі баспасөз қызметінің хатшысы Жүкел қабылдағанын айтады.
«Кейін, мен тағы да 2020 жылы Талғарға Баталовпен кездесуге бардым, оған барлық фактілерді жеткіздім. Ол саяжай мәселелерін шешуге уәде берді, бірақ ештеңе жасамады. Содан кейін Іле ауданы әкімінің сол кездегі орынбасары мені және менің отбасымды қорқыта бастады. Менің жеке басыма қатысты ақпаратты пайдалануға көшті. Куәгерлер, фактілер бар, бірақ істі Іле ауданы полиция бөлімі мен Алматы облысының прокуратурасы жауып тастады. Екі жарым жылдан бері біздің Баталовқа айтқан барлық өтініштеріміз жауапсыз сырғытылуда. Ол тіпті бәрін өз көзімен көруге келген де жоқ», - дейді Жан Шыңғысов.
Жанның айтуынша, облыстық білім басқармасының бастығы Майгүл Омарованың ұсталуы оны мүлдем таң қалдырмаған. Ол қазірдің өзінде құзырлы органдарға оны осы қызметке тағайындағандарды табу туралы талаппен шағым жіберген.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес облыстық деңгейдегі басқарма басшыларын облыс әкімі өзі тағайындайды.
«Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының мәліметі бойынша, Алматы облысы тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа жиі кездесетін аймақтар тізімінде. Одан басқа Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Атырау облыстары да осы тізімде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық