«Халық» қайырымдылық қоры «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударды
«Халық» Қайырымдылық қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына қосымша 10 миллиард теңге бөледі.
Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылғы қаңтарда құрылған Қор денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың маңызды міндеттерін шешуге, төтенше жағдайлар мен төтенше жағдайды енгізу кезінде зардап шеккендерге және еліміздің қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз ететін құқық қорғау қызметкерлері мен әскери қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсетуге арналған.
Қосымша қаржыландыру «Халық» қорының құрылтайшылары Тимур мен Динара Құлыбаевтардың жарналары арқасында мүмкін болды. Олардың тұрақты қолдауымен «Халық» қоры Қазақстан халқына жүйелі көмек көрсетеді: тек 2020-2021 жылдары Қор 18 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырған. Оның ішінде пандемия кезінде халыққа көмек көрсету, медициналық құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, ең мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттерін тарату, балалар мен жастарға сапалы білім беруді дамыту бағдарламалары, және басқа да қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырды. 2022 жылдың қаңтар айында Құлыбаевтар отбасы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін Halyk Bank пен «Халық» қайырымдылық қоры арқылы «Қазақстан халқына» қорына алғашқылардың бірі болып 5 млрд теңге аударды.
«Мемлекет басшысы Қазақстанның әрбір азаматының жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін үкіметтің, қайырымдылық ұйымдар мен меценаттардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған маңызды бастама көтерді. Біз еліміздің өркендеуіне бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдауды жалғастыруға дайынбыз» дейді «Халық» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық