Халал өнімнен шошқа ДНҚ-сі анықталды
Фото: DALL-E жасанды интелекті
Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы Петропавлдағы дүкендерден алынған жылқы етінен жасалған консервілерден шошқа ДНҚ-сі табылғанын хабарлады, деп жазады Orda.kz.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы Петропавлда сатып алынған кейбір халал деп көрсетілген үлгілерден сәйкессіздіктер мен шошқа ДНҚ-сын анықтады.
Қоғамдық ұйымның сарапшысы Жанна Биятанның айтуынша, мемлекеттік стандарт бойынша жылқы етінен жасалған консервілерде тек жылқы еті, май және дәмдеуіштер болуы керек. Шошқа ДНҚ-сының анықталуы – өндіріс технологиясының өрескел бұзылғаны мен өндірушінің адал еместігін көрсетеді.
«Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша, компонентке қатысты үлгіден шошқа ДНҚ-сының туындысы анықталды. Әдетте, Халал мәртебесін алу үшін өнім бірнеше сынақтан өтіп, құрамында мұсылмандарға тыйым салынған шошқадан және оның туындыларынан жасалған ингредиенттер болмауы тиіс. Өнімге халал мәртебесін бере отырып, шошқа қоспасын қосу – өнім берушінің адал еместігінің дәлелі», – деді қоғам белсендісі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық