Хака биі және 40 мың адам боп тарихында үлкен митинг жасаған маори халқы
Фото: Бейнеден кадр / Getty Images
Бірер күн бұрын Жаңа Зеландия парламентінде жаңа заң жобасына қарсы хака биімен наразылық көрсеткен оқиға әлем назарын аударған еді. Енді 19 қараша күні Жаңа Зеландияның парламенті алдында 40 мыңнан астам адам жиналып, маори халқының тарихындағы ең үлкен митингіге шықты, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Олар 1840 жылы британдық отаршылар мен маори халқы арасындағы Вайтанги келісімінің жаңа түріне қарсы шығып жатыр.
Маори – Жаңа Зеландия елінің байырғы халқы. Әуелі осы ұлттың әлем назарын аударған хака биі туралы айта кетсек. Парламентте депутаттың билегені әлеуметтік желіні жаулап кетті.
Маори халқының ұлттық биі Хака (Haka) деп аталады. Маорилер өзге тайпалармен болған шайқаста жеңіске жеткеннен кейін осы биді дәстүрлі түрде орындайтын болған. Ал қазіргі кезде хака саяхатшылардың тамсана отырып көретін маори дәстүрлерінің біріне жатады.
Ал митингке қатысушылар бұл заң жобасы маори халқының құқықтарына қол сұғады деп санайды және оның тарихи маңыздылығын жоққа шығаруға әкелуі мүмкін деп алаңдайды.

Бұл митинг — бүкіл ел бойынша тоғыз күн бойы өткен бейбіт хикои акциясының қорытындысы. Парламентке делегацияны маори ханшайымы Нга Вай Хоно бастап келді, ал көптеген митингке қатысушылар маори туымен түстес киімдер киген.

2024 жылғы хикои — маори халқы тарихындағы ең ірі митинг, ол 1975 жылғы 5 мың адамның қатысуымен өткен маршты және 2004 жылы болған 20 мың адамның қатысуымен өткен хикои акциясын да басып озды.
Жаңа заң жобасы либертариандық ACT партиясы тарапынан ұсынылған және ол Вайтанги келісіміндегі негізгі ережелерді қайта қарауды көздейді. 1840 жылы жасалған келісімде маори мен британдық отаршылар арасында егемендік пен меншік құқығы, сондай-ақ маори халқының құқықтары мен қорғалуы туралы жазылған. Алайда маори тілінде кейбір ағылшын сөздеріне дәл аударма болмағандықтан, келісімді әртүрлі түсінетін жағдайлар бар.
Жаңа заң жобасының авторлары оны Жаңа Зеландияның көпмәдениетті табиғатын ескере отырып енгізілуі қажет деп санайды. Ал оның қарсыластары бұл заң жобасы маори халқының құқықтарын бұзады деп айыптайды.
Партия жетекшісі Дэвид Сеймур заң жобасын ұсынып, бұл заңның мақсаты — Жаңа Зеландиядағы бүкіл азаматтардың құқықтарын теңестіру, ұлт пен этникалық топтар арасындағы алшақтықты азайту деп түсіндірді. Бірақ көптеген қарсыластар бұл өзгерістер Вайтанги келісімінің негізгі принциптерін бұзатынын және маори халқының тарихи құқықтарына қауіп туғызатынын айтады.
Жаңа Зеландияның премьер-министрі Кристофер Луксон елдің Ұлттық партиясы бұл заң жобасын қолдамайтынын айтты. Өйткені ол заңмен 184 жылдық тарихи пікірталастар мен келіссөздерді бір сәтте өзгертуге болмайтынын айтты.
«Олар біздің құқықтарымызды таптауға тырысып жатыр», — деді митингке қатысушы Стэн Лингман, оның ата-бабалары маори мен шведтерден шыққан.
«Біз тек өзіміз үшін емес, болашақ ұрпағымыз үшін күресіп жатырмыз».
Дегенмен, Жаңа Зеландиядағы көп санды тұрғындар митингке қарсы пікір білдіріп жатыр. Кейбіреулер маори халқының көп нәрсе талап етіп отырғанын айтады, өйткені олар «бәріміз Жаңа Зеландияның азаматтарымыз, сондықтан бірдей құқықтарымыз болуы керек» деп санайды.
«Біз бәріміз бір ұлтпыз және бірге жұмыс істеп, ортақ мақсатқа жетуіміз керек», — дейді Веллингтон қаласының тұрғыны Барбара Лекомт.
Ал Те Пати Маори партиясының тең төрағасы Дебби Нгавера-Пакер Жаңа Зеландияда нағыз теңдікке әлі де қол жеткізілмегенін айтты. Бұл пікірді басқа да митингке қатысушылар қолдап, маори халқының мәдениеті мен құқықтарын құрметтеу қажеттігін атап өтті.
Өткен аптада парламент мәжілісі депутаттар хака биін билеп, заң жобасына қарсы наразылық білдірген кезде тоқтатылды.
Акция ұйымдастырушылары жұма күні митингке қатысушыларды Вайтанги келісіміне арнап хака билеу үшін оқытып, бұл митингтің тек маори халқының ғана емес, бүкіл Жаңа Зеландияның болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- Астана мен Алматыдан кейін полицияға көмекші робот-иттер Ақтауда қолданылады
- Қазақстанда бейрезидент тұлғаларға банк шоттарын ашу тәртібі өзгереді
- Ақтауда 1248 студент академиялық жауапсыздық күдігіне ілініп, 14-і оқудан шығарылды
- Балаң балағат айтса — айыппұлыңды дайында
- Токиода Азия елдеріндегі қазақ диаспорасының съезі өтті
- ШҚО-дағы KAZ Minerals компаниясының Артемьев шахтасы опырылып, кенші қаза тапты
- Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады
- Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия суасты дрон бағдарламасын іске қосты
- Ресей 2030 жылға қарай автокөліктерге алкоқұлып орнатады
- Жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорт онлайн рәсімделеді
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек