«Хайп үшін»: Блогер Daricorn жолда «шоу» ұйымдастырғаны үшін айыппұл төледі
Фото: Daricorn II instagram
Алматы полициясы Daricorn деген лақап атымен танылған Дариға Нұркееваға көлігімен келе жатып, жолда қауіпті әрекет жасаған үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дариға Нұркееваға ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған «сигнал беру талабын орындамау» және «жол-көлік оқиғасына себепкер болу» сияқты айыптар тағылды. Сонымен қатар, Нұркееваға 60 мың теңге айыппұл салынды.
«Барлық жағдай бейнежазбаға жазылған. Онда Нұркеева жол жүру ережесін әдейі бұзып, бұрылу белгісін бермей, жол жолағын лезде ауыстырып, апатты жағдай тудырды. Бұл тек жауапсыздық емес, бұл — айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет. Ең сорақысы — мұның бәрі желідегі лүпіл пен қаралым үшін жасалып отыр», деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Еске сала кетейік, осыған дейін Daricorn өзінің әлеуметтік желісінде бейнежазбасында тоғыз жасар баланы ата-анасының рұқсатынсыз бейнеге түсіріп, айтпаған ұятты сөзін айтты деп жариялаған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық