Хабиб Нурмагомедов ММА-дан кеткенін нақты мәлімдеді
Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов бұған дейін БАҚ хабарлағандай, ММА индустриясынан кететінін растады.
Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек әлемінен кетіп бара жатқанын айтқан басылымға репост жасады.
«Хабиб ММА индустриясынан біржола қол үзбекші. Бұл оның жаттықтырушылық мансабы мен ММА-дың барлық түріне қатысты. Мұның басты себебі Хабибтің отбасына уақыт бөлгісі келетіндігі» делінген жазбада.
Бұған дейін Нурмагомедов командасымен кездесу өткізіп, одан кейін бірлескен суретін жариялап, пікір қалдырған болатын.

«Жыл қорытындысы шықты. Жыл, әрине, өте оқиғалы және табысты болды. Сау болыңыздар. Өздеріңізді сақтаңыздар, ағайындар! Менің шешімім тек пайда әкеледі деп үміттенемін, бәріңізді қатты құшақтадым! Спорттағы жетістіктеріме үлкен себепкер болғандарыңыз үшін көп рахмет» делінген жазбада.
Белгілі ресейлік күрескер Магомед Исмаиловтың жаттықтырушысы әрі ағасы Рамазан Исмаиловтың айтуынша, Хабибтің шешіміне Дубайда әйгілі ислам уағызшысы Закир Наикпен кездесуі әсер етуі мүмкін.
«Онымен болған әңгіме әсер етуі мүмкін. Бірақ мен бұған сенбеймін. Оның лигасы бар, алдында маңызды жекпе-жекті күтіп отырған Ислам Махачев бар. Мұның бәрін қалай қалдыра салуға болады?» деп келтіреді Исмаиловтың сөзін ММА Metaratings.ru басылымы.
34 жастағы Хабиб Нурмагомедов UFC-де 2012 жылдан бері жұмыс істейді және промоушенмен 13 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жетті. 2020 жылдың 24 қазанында америкалық Джастин Гетжиді жеңгеннен кейін ол мансабын аяқтайтынын жариялады. Жалпы алғанда, боксшы ММА ережелері бойынша 29 жекпе-жекте 29 жеңіске жеткен.
Хабиб мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметке кірісті. Оның жетекшілігімен отандасы Ислам Махачев 2022 жылы жеңіл салмақта UFC чемпионы атанса, оның туысы Усман Нурмагомедов сол салмақта Bellator белбеуін жеңіп алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық