«Хабар» мен КТК телеарналарының иелері ауысады – дереккөз
Қазақстанның медиа нарығында үлкен өзгерістер болады. Киселев «Еуразия» арнасынан кетіп, «Хабар» мен КТК иелері де ауысады деп күтілуде.
Бұл туралы ҚазТАГ агентігі хабарлайды.
«Наурызда «Еуразия бірінші арнасының» бас директоры Сергей Киселев ауысады деп күтілуде. 2007-2010 жылдар аралығында арнаны басқарып, 2012 жылы арнаны қайта басқарған Киселев Қазақстанның экс-президенті қызы Дариға Назарбаеваға жақын» деп хабарлады дереккөз.
Сондай-ақ, тағы бір дереккөздің айтуынша, «Хабар» телеарнасы президент әкімшілігі құрылымдарының бірі – Орталық коммуникациялар қызметі немесе президенттік телерадиокешені құрамына кіреді.
Дәл осы дереккөздің хабарлауынша, КТК телеарнасын «Тұңғыш Президент «қорынан шетел азаматтығы бар қазақстандық тау-кен олигархтарының бірі сатып алмақ.
Айта кетейік, «Еуразия бірінші арнасы» телеарнасының 80 пайызға жуығы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» мемлекеттік акционерлік қоғамына тиесілі. Ашық деректерге сәйкес, КТК-ның негізгі акционерлері Тұңғыш Президент қоры (акциялардың 91,35%) және «Медиа-Инвест» ЖШС (5,81%). Телеарнаның үлестес тұлғаларының бірі – Дариға Назарбаева.
Бұған дейін хабарлағандай, Дариға Назарбаеваның 18 ақпанда Алматыдағы КТК телеарнасына барғаны туралы ақпарат болған, бірақ арнаның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық