«Ғылым академиясы мен Саясат Нұрбектің тартысы»: Назарбаев академик атағынан айырылды ма?
Фото: Михаил Метцель / ТАСС
Ұлттық ғылым академиясы ғылым министрі Саясат Нұрбектің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың академик атағынан айырылғаны жөніндегі мәлімдемесін теріске шығарды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
24 шілде күні Саясат Нұрбек жаңартылған академиктер тізімінде Назарбаевтың жоқ екенін және тек тоғыз адамның қалғанын айтқан болатын.
Осыған жауап ретінде Ғылым академиясы академик атағы бар 146 адамды атап және соның ішінде Назарбаевтың бар екенін хабарлады. Академияның айтуынша, академик атағы өмір бойына беріледі және тек академия мүшелерінің немесе соттың шешімімен ғана өзгертілуі мүмкін.
ҚР ғылым және жоғары білім министрі Нұрсұлтан Нарзарбаевтың академик атағынан айырылғанын растаған соң, ҚР БАҚ беттері ұлардай шулаған болатын. Академия бұл мәлімдемені жоққа шығарған соң, бұл жайлы Саясат Нұрбек ҚазТАГ сайтына «қоғамның академигі» ретінде деген жауап қайырды.
«Ол осы ескі академияның академигі, бұл академия қоғамдық ұйым мәртебесінде болғандықтын, ол оның академигі болып қала береді. Президент жанындағы жаңа Ұлттық академияда академик атағы нағыз ғалымдарға қойылатын қатаң талаптар бойынша конкурс арқылы ғана беріледі», — деді Саясат Нұрбек.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді