Гүлнар Бажкенова: «Ордадағы» ахуал, Ақордадағы жанжал және Нью-Йорктегі «қосалқы алаң» туралы
Коллаж: Orda.kz
Orda.kz басылымы мен оның бас редакторына қатысты жағдай ушығып тұрған шақта, әріптес журналистер Гүлнар Бажкеновадан сұхбат алуға ниет білдіріп жатыр. Бірі жай ғана қызығушылықпен, енді бірі жағдайдың мән-жайын түсініп, қолдау көрсету ниетімен.
Бұл жолы ол Вадим Дергачёв жүргізетін бағдарламаға қатысып, өз пікірін білдірді. Жүргізушінің сөзінше, Гүлнар Бажкенова — Қазақстан медиасаласындағы ең танымал әрі кейде қарама-қайшы пікір тудырып жүрген тұлғалардың бірі. Алайда қазіргі жағдайда ол қолдауға мұқтаж. Сол себепті оны студияға шақырғанын айтты.
Сұхбат барысында Бажкенова «Ордаға» ұсынылған бір миллион доллар, басылымды күшпен иемденуге тырысқан әрекет, билікпен арадағы қатынастар, Ақордадағы атышулы «пышақтасу», Дмитрий Шишкинмен арадағы плагиат ісі және Нью-Йорктегі «қосалқы ұшу алаңы» жайлы айтты.
Бағдарламада көтерілген басты мәселе — Қазақстанда сөз бостандығының бар-жоғы.
Анықтама:
2025 жылдың басында Гүлнар Бажкеноваға «Орда» басылымын «Сана» орталығына қосу жөнінде ұсыныс жасалған. Бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартқан. Осыдан кейін редакцияға қысым күшейе түскен. Жағдай, әсіресе, ҰҚК қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсауы туралы мақала жарық көргеннен соң күрделене түсті.
YouTube-тағы «Орда» шығарылымында Бажкенова соңғы айларда болған оқиғалар туралы ашық айтты. Ол жеке басына және редакция ұжымына көрсетілген қысым, бопсалау, жеке аккаунттарының бұзылуы мен қауіп-қатерлер туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Гүлнар Бажкенова бірнеше халықаралық ұйым мен шетелдік дипломаттардың қолдауына ие екенін де атап өтті. Қазір Нью-Йоркте сот процесіне дайындық жүріп жатыр, себебі рейдерлік әрекетке қатысы бар компания АҚШ аумағында тіркелген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық