Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы Абай Жүнісов сотта сөз сөйледі
фото: Orda.kz
Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін сотта Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы, жәбірленуші Абай Жүнісов сөз сөйледі.
Жүнісов Гүлмира Сатыбалды мен оның сыбайластары оны қалай заңсыз ұстағанын және дене жарақатын саламыз деп қорқытқанын айтып берді. Оның айтуынша, барлық оқиға 2019 жылдың ақпанынан шілдесіне дейін болған.
«Бір күні мені Қайрат Сатыбалдының кеңсесіне – Қайсар Плазаға (Алматыдағы бизнес орталық) еріксіз түрде апарды. Маған не айтады, не болады деп ойладым – Қайрат менімен қалай қарым-қатынас жасайды... Осының алдында Гүлмира бұл біздің соңғы кездесуіміз болуы мүмкін деп ескертті. Қайрат та ескертті: егер мен бір жерге кетсем, мені жердің астынан тауып алатынын айтты»,- деді сотталушының бұрынғы күйеу баласы.
Абай Жүнісов шындық детекторынан (жабдық «Қазақтелекомға» тиесілі делінеді) өтуге мәжбүр болды. Оның сөзінше Сатыбалдының жұбайы шетелде мүлкінің бар-жоғы туралы ақпарат іздеген.
«Содан кейін мені тексеру нәтижелері туралы хабардар ету үшін "Сигма" компаниясына апарды. Тимур Найзабеков, Абай Әлемов, Тен, Қайрат, Гүлмира да келді. Қайрат пен Тимур жақын достық қарым-қатынаста еді. "Сигма" компаниясының өкілдері ұрлық болғанын растамады, бірақ бизнесті басқарудың тиімсіз екенін айтты. Психологиялық қысым көрсетіллді», - деп жалғастырды жәбірленуші.
Жүнісовтің адвокаты Рашид Теңізбаев сотталушы тарапынан физикалық зорлық болмағанын, бірақ психологиялық зорлық-зомбылық болғанын айтты. Мұны сарапшылардың пікірлері растайды.
«Денесін азаптау болған жоқ. Бірақ бізде Абай Жүнісов ауыр психикалық ауытқушылықты бастан өткерді, қан қысымы бар деген сарапшылардың пікірлері бар. Өміріне қауіп төнді»,- деп жалғастырды Теңізбаев.
Сондай-ақ Гүлмира Сатыбалды Жүнісов пен оның інілерінен тартып алған кәсіптің бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды.
«Өкінішке қарай, ол Гүлмира Сатыбалдының заңсыз әрекеті кесірінен аяқсыз қалды. Қылмыстық іс бойынша шығынды әлі толтырған жоқпыз. Айыптау қорытындысында бұл сома екі миллиард теңгеге жуық деп көрсетілген»,- деп қосты адвокат.
Сонымен қатар, ол Гүлмира Сатыбалдыға тағылған айыптың мәнін былайша түсіндірді.
Бастапқыда Гүлмира Сатыбалды Жүнісовке қатысты заңсыз әрекеттер жасаған кезде біз арыз беріп, оның нәтижесінде озбырлық, бопсалау, заңсыз бас бостандығынан айыру, рейд жүргізу сияқты айыптар тағылған болатын.
Бұл айыптар бойынша Назарбаевтың бұрынғы келіні 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Астанадан Алматыға жеткізілді.
16 мамырда алдын ала тыңдаулар өтіп, онда қорғаушылар жеті ұсыныс жасады. Гүлмира Сатыбалдының қорғаушысы бопсалау бабы бойынша қылмыстық істі қысқартуды сұрап, Қылмыстық-процестік кодекстің талаптары бұзылғанын мәлімдеп, бірқатар дәлелдемелерді жол берілмейтін деп тануды талап етті.
Сатыбалдыға мына баптар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін айып тағылды:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабының 3-тармағы 3-тармағы («Заңсыз бас бостандығынан айыру»);
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («Бопсалау»);
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігі («Өзексіздік»).
Гүлмира Сатыбалдының жүргізушісі Мәди Батыршаев ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағында («Заңсыз бас бостандығынан айыру») көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық