Гвинея Эбола эпидемиясының басталғанын жариялады
vestikavkaza.ru
Үш өлген адамның қанында вирустың бар екендігі расталды, төртінші тест нәтижелері әлі дайын емес. Эбола елде 2016 жылдан бері тіркелген жоқ.
Гвинея билігі елдің оңтүстік-шығысында Эбола эпидемиясының басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлады Guinee114 жаңалықтар порталы.
Үкімет хабарламасында:
Гвинея Үкіметі Нзерекор префектурасы мен Гуеке ауданында Эбола індеті тарағаны туралы жариялады. Дағдарыс кеңесі эпидемияға қарсы іс – қимыл шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Бірінші оқиға Гуеке қаласында тіркелді - медбике ауырып, 28 қаңтарда қайтыс болды. Жұқтырған жеті адам анықталды, олар әйелдің жерлеу рәсіміне қатысқан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Гвинеяға көмек көрсету үшін қолда бар ресурстарды шұғыл түрде пайдаланатынын мәлімдеді.
"Біз Эбола ауруымен күресуде үлкен тәжірибесі бар Гвинеяны қолдау үшін қажет нәрсенің бәрін тез арада береміз"
ДДСҰ-ның Гвинеядағы өкілі Альфред Джордж КИ-Зербо.
Гвинея 2014-2016 жылдары Батыс Африкада Эбола індетінің эпицентрлерінің бірі болды. Африканың осы бөлігінде 11,3 мың адам қайтыс болды, 28 мыңнан астам адам ауруды жұқтырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық