Gunvor «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алудан бас тартты
Коллаж: Orda.kz
Халықаралық мұнай трейдингі компаниясы Gunvor Group Ltd «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алу туралы ұсынысын кері қайтарып алды. Бұл шешім АҚШ Қаржы министрлігі компанияны Ресей билігімен байланысты деп танып, оған бизнес жүргізуге лицензия беруден бас тартқаннан кейін бір сағат өтпей қабылданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кипрде тіркелген Gunvor X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми мәлімдемесінде былай деді:
«Gunvor соңғы он жылдан бері Ресеймен байланысын толық үзді. Санкциялар талаптарына сай Ресеймен сауданы тоқтатты, активтерін сатты және Украинадағы соғысты ашық айыптады. Осыған байланысты компания «Лукойлдың» халықаралық активтерін сатып алу жөніндегі ұсынысын қайтарып алады».
Компания АҚШ Қаржы министрлігінің айыптауларын «шындыққа жанаспайды» деп атады.
«Президент Трамп соғысты дереу тоқтату қажет екенін ашық айтты. Путин бейбіт тұрғындарды қырып жатқанда, Кремльдің қуыршағы саналатын Gunvor ешқашан бизнес жүргізуге немесе пайда табуға рұқсат алмайды», — деп жауап берді АҚШ қаржы ведомствосы.
«Лукойл» активтерін неге сатпақ болды?
Бір апта бұрын «Лукойл» өз шетелдік активтерін сататынын жариялаған. Gunvor компаниясы LUKOIL International GmbH құрылымын сатып алуға ұсыныс жасаған – дәл осы құрылым арқылы ресейлік мұнай алыбы халықаралық жобаларын басқарып келген.
«Лукойл» ұсынысты қабылдап, мәміле шарттары алдын ала мақұлданған еді. Алайда АҚШ санкциялары бұл жоспарды бұзды.
Сату жайлы шешім компания үшін амалсыз жасалған қадам болды. Себебі «Лукойлдың» шетелдегі жобаларына АҚШ пен Ұлыбританияның санкциялары қысым жасап отыр. Қазақстандағы кей активтерге Ұлыбритания шектеулерді жұмсартқанымен, АҚШ санкциялары әлі күшінде.
Gunvor мен Кремль байланысы
Gunvor – әлемдегі ең ірі мұнай трейдерлерінің бірі. Компанияны 1997 жылы ресейлік олигарх Геннадий Тимченко мен швед кәсіпкері Торбьорн Торнквист құрған. Кейін Тимченко өз үлесін серіктесіне сатқанымен, Батыс сарапшылары мен тергеушілер оның ықпалы әлі бар екенін айтады.
Тимченконың есімі Ресейдің «заңсыз мұнай флотына» қатысты зерттеулерде жиі аталады. АҚШ Қаржы министрлігі Владимир Путиннің Gunvor компаниясында жанама үлесі бар екенін айтады. Үлесін ол өзінің ескі танысы Петр Колбин арқылы ұстайтынын мәлімдеген.
Қазақстандағы активтердің тағдыры не болмақ?
Бұл сұрақ әзірге жауапсыз қалып отыр. Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байдильдинов Gunvor-дың шегінуі батыстық инвесторлар үшін жаңа мүмкіндік тудыруы мүмкін деп санайды:
«Меніңше, Лукойлдың Теңіз бен Қарашығанақтағы (мүмкін, Каспий Құбыр Консорциумындағы да) үлестері америкалық немесе еуропалық компанияларға айтарлықтай жеңілдікпен өтеді. Қазақстан да өз үлесін арттыруға тырысады деп ойлаймын», — деп жазды ол телеграм-арнасында
Еске сала кетсек, бұған дейін Gunvor компаниясы сатып алу туралы ұсынысты өз бетінше жасап, тараптар мәміленің негізгі шарттарын келісіп қойған еді.
Gunvor мен «Лукойл» — екеуі де посткеңестік кеңістіктегі аса ірі компаниялар.
Егер Gunvor «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алса, ресейлік мұнай нарығының құрылымы өзгеретін еді. Ал бұл Қазақстандағы мұнай жобаларына да әсер етуі мүмкін. Өйткені «Лукойл» — Қазақстанның бірқатар кен орындарына тікелей серіктес болып отыр (Құмкөл, Теңіз, Қарашығанақ жобалары).
Жаңалықтар
- Ақтөбеде әйел мен 3 баланың денесі табылды
- Сара Назарбаева ауруханадан шықты
- Астана қаласының прокуроры ауысты
- «Ақсуда мал жаюға арналған жер телімі сатылып кеткен»: Жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
- Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
- Илон Маск Ай мен Марсқа қала салуды жоспарлап отыр
- Баға шарықтап барады: Қазақстанда ет бағасы бір жылда 30 пайызға өсті
- Қонаевта қатты дауыл соғып, шатырлар ұшып, ағаштар құлады
- Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
- Өздерін ломбард желісі деп таныстырған алаяқтар қолға түсті
- «Жігіттер жеңіспен оралсын». Сабуров Ресей әскерін қолдаған видео жарияланды
- Абылайхан Жұбаназар дзюдодан халықаралық турнирде Қазақстанға үшінші медаль әкелді
- Жапониядағы сайлау: Санаэ Такаити партиясы парламентте басым көпшілікке ие болды
- Депутат Елнұр Бейсенбаев президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды
- Бірнеше қызды зорлап өлтірген «бішкектік маньяк» өзіне қол жұмсады
- Құлсарыда оқушы балта ала жүгірген мектептің директоры қызметінен босатылды
- Ұрланған жәдігер көп жылдардан кейін Мысырға қайтарылды
- Нұрлан Сабуров мәлімдеме жасады
- Криштиану Роналду «Әл-Насрдағы» жағдайға көңілі толмай, Лиссабонның «Спортинг» клубына кете ме?
- АҚШ Украинадағы соғысты жазға дейін аяқтауды келіспек — Зеленский