Гүлнәр Кәрімованың 336 миллион доллары тәркіленді
Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызы Гүлнар Кәрімованың шетелге шығарған қаражатын отанға қайтару ісі жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы республиканың әділет министрінің орынбасары Музраф Икрамов хабарлады.
Ресей астанасы Мәскеуде Гүлнәр Кәрімова сатып алған алты пәтер тәркіленді. Мәскеу қалалық соты «соломондық шешім» шығарды: пәтерлерді сатып және алынған қаражатты Өзбекстан мен Ресей арасында тең бөлінеді. Барлық процедураларды ресейлік сот орындаушылары жүзеге асырады.
Бұл транзакциялардан қандай соманы алуға болатынын вице-министр жариялаған жоқ.
Сондай-ақ, Gazeta.uz хабарлағандай, Кәрімованың Швейцариядағы активтерін қайтару жалғасуда. Үш қылмыстық іс бойынша оның швейцарлық банктерге 686 миллион доллар шығарғаны анықталды.
Музраф Икрамовтың айтуынша, жақын арада Өзбекстанға 131 миллион доллар қайтарылады. 350 миллионды қайтару туралы іс сотта қаралып, 205 миллионды қайтару мәселесі шешіліп жатыр.
Қаражат Өзбекстан бюджетіне жету үшін БҰҰ қамқорлығымен жұмыс істейтін «Uzbekistan Vision 2030» трасттық қоры құрылды. Алынған қаржыны Ташкент денсаулық сақтау мен білім беруге жұмсауды жоспарлап отыр.
Гүлнәр Кәрімова Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызы. Оның айналасындағы жанжал 2012 жылы басталды. Оған ақша жымқырды, бопсалады, бөтеннің мүлкін иемденді, өтемақы алды және басқа да баптар бойынша айып тағылды.
Бірнеше жыл үйқамақта болған соң, 2019 жылы Кәрімова Ташкент облысындағы түзеу колониясына ауыстырылды. 2020 жылы тағы бір іс аясында оның жазасы 13 жылға бас бостандығынан айыруға ұласты.
Сол жылы Кәрімова Өзбекстан президенті Мирзиеевке ашық хат жазып, онда бостандыққа айырбас ретінде Швейцарияның барлық активтерін қайтаруға уәде берген, бірақ барлық үкім өз күшінде қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық