Гүлмира Сатыбалды тағы 8 жылға сотталды
Қызылорда қаласының № 2 соты бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру ісі бойынша Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
Аймақтағы сот процестері 2023 жылдың наурыз айынан бері жалғасуда.
Айыптама сапында Гүлмира Сатыбалдадан басқа тағы алты адам болды, оның ішінде «Ариа-Жаңа Астана» ЖШС басшыларының бірі Ғани Бекбосынов, техникалық қадағалау қызметінің басшысы Рахымберді Дәулетбаев, қалалық құрылыс бөлімінің мамандары мен басшылары Ғалымжан Жанаділов, Ержан Қалдыбеков, Тұрсын Бәйменов және Бауыржан Еркебаевтар бар.
Прокурордың айтуынша, Гүлмира Сатыбалды 2018 жылдың күзінде Сырдарияның сол жағалауында жылу желілерін тарту бойынша мемлекеттік сатып алулар сайтында өтетін конкурс туралы алдын ала біліп, Ғани Бекбосыновқа тиісті тендерге арналған құжаттарды дайындауды тапсырған. Бекбосыновты конкурстық комиссия мүшелері туралы да хабардар еткен. Айыптау қорытындысы бойынша Сатыбалды пайдакүнемдік мақсатта әрекет еткен болып отыр. Оның ықпалымен тендерді «Ариа-Жаңа Астана» компаниясы жеңіп алды, деп атап өтті айыптаушы.
Сот 2018-2020 жылдар аралығында Гүлмира Сатыбалды мен Ғани Бекбосыновтың 2 миллиард 130 миллион теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды деген 14 акт қабылдағанын дәлелдеді. Осылайша, заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке 441 миллион теңге залал келтірілген.
«Гүлмира Сатыбалды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігімен «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе тартып алу» бойынша кінәлі деп танылсын. Гүлмира Сатыбалды мүлкі тәркіленбей, сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын», - делінген судья Жұлдыз Жәкееваның үкімінде.
Соттың баспасөз қызметі Ғалымжан Жанаділов, Ержан Қалдыбеков, Тұрсын Бәйменов және Бауыржан Еркебаевтың жеті жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады. Ғани Бекбосынов пен Рахымберді Дәулетбаев та жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырда Астана қаласы Байқоңыр аудандық № 2 сотында Гүлмира Сатыбалды қысыммен кәсіпкер Тұрсен Алакөзовті өзінің компаниясы АҚ Galanz bottlers компаниясының 43 пайыз акциясынан бас тартуға мәжбүрлегені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Айта кету керек, қылмыстар жиынтығында сот әрбір қылмыс үшін жазаны (негізгі және қосымша) жеке тағайындай отырып, соңғы жазаны онша ауыр емес жазаны неғұрлым ауыр жазаға немесе жалпы тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы анықтайды. Қылмыстың жиынтығына тек шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар кіретін болса, онда соңғы жаза жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға тарту арқылы тағайындалады.
Айыпталушылар әлі де аппеляцияға беруге құқылы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық