Грузиядағы көтерілісте 43 адам ұсталды
Фото: видеодан кадр
Еуродаққа кіруден бас тартқан Грузияның Тбилиси қаласының орталығында наразылық басталып, 43 адам ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Грузин полициясы су атқыштарды пайдаланып парламент ғимаратынан көтеріліске шығушыларды алыстатқан болатын. Салдарынан 43 адам ұсталды.
Тблисиде шеруге шыққандар қаланың бірнеше жерінде жиналды. Бірінші топ «Грузин арманы» партиясы ғимаратының алдына, екіншісі Руставели даңғылындағы парламент ғимаратының алдына жиналды.
Шеруге мыңдаған адам қатысып, сол күні кешке қарай полиция қызметкерлері мен арнайы жасақтың адамдарға су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолдануына тура келді. Бұл туралы Грузияның Ішкі істер министрлігі «парламент ғимаратындағы шеру заңмен белгіленген нормалардан асып кетті» деп мәлімдеді.
«Мен негізсіз шабуылға ұшыраған грузин БАҚ-ын өз жұмысын атқарып, болып жатқан жайттарды үздіксіз хабарлап отырғанын қолдаймын» деп жазды Грузия президенті Саломе Зурабишвили X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Грузия Ішкі істер министрлігі «полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін» 43 адамның ұсталғанын және 32 полиция қызметкерінің жарақат алғанын, олардың 13-не хирургиялық көмек қажет екенін хабарлады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды