Грузияда ұсталған Қазақстан азаматы елге экстрадицияланды
Фото: Pexels
Шымкентте қыз зорламақ болған ер азамат Грузияда ұсталып Қазақстанға экстрадицияланды.
Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
«Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады» деп мәлімдеді ведомство.
2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болды. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылды. Ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмады.
Сот аталған тұлғаны кінәлі деп танылды. Сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарды. Соған байланысты ол халықаралық іздестіруге жарияланды.
2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- АҚШ-та жарты ғасырдан бері алғаш рет әскерилердің өлім жазасы орындалуы мүмкін
- Боди-массаж: Алматыда жезөкшелер «сауықтыру қызметі» атын жамылып жұмыс істеген
- Сахарада көліксіз қалған 49 адам шөлден қаза тапты
- Алматыда Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
- Маңғыстау — Семей пойызында өріп жүрген тарақандарға кім жауапты?
- Қытай Тайваньды өз меншігі деп санайды, ал Жапония мен Филиппин ол жерге экономикалық аймақ орнатқысы келеді
- Автомектептердің жартысынан көбі жабылып қалуы мүмкін
- Қорғастағы 250 миллиард теңгелік әуежай құрылысынан шетелдік инвесторлар неге бас тартып жатыр?
- Зейнетақы мен жәрдемақыны уақытында төлемеу өрескел бұзушылыққа жатады
- Америкалық БАҚ Израиль Ливанды атқылағанда ақ фосфор қолданды деп шулап жатыр
- Израильдің Франциядағы елшісі сайлауға араласты деп айыпталды
- Түркістан облысының түлегін әлемнің 80 университеті оқуға шақырды
- Алматыда тұрғын үй жертөлесінен жасырын есірткі плантациясы табылды
- ТЖМ: Оралда мешіт күмбезін жасап жатқан адам құлап кетті
- Өзара қолдау келісіміне 65 жыл: Си Цзиньпин араға жеті жыл салып Солтүстік Кореяға барады
- Көлік прокуратурасы: Қаруыңды тапсырып — тыныш ұйықта
- Тағы да жеке клиника: Астанада запастағы полковниктің ота алдында жүрегі тоқтап қалды
- Қызылорда облысында арықтан жас қыздың мәйіті табылды
- Алматыда сегіз жылға жуық тоқтап қалған Сайын көшесінің жалғасы ашылды
- АҚШ соққыларынан кейін Иран Кувейт пен Бахрейнге зымыран ұшырды