Грузияда тұтқындалған Михаил Саакашвили аштық жариялады
Грузияға келісімен қолға түскен Михаил Саакашвили аштық жариялап, Украина консулымен кездесуді талап етті. Ол 1 қазан күні Грузияда ұсталған болатын.
Бұл туралы қоғамдық қорғаушы Нино Ломджария Грузияда ұсталған экс-президентпен кездесуден кейін айтты, деп хабарлады Orda.kz ақпараттық порталы Грузия Online сайтына сілтеме жасап.
Ломджарияның айтуынша, Саакашвили өзін саяси тұтқын санайды және өзіне шығарылған үкіммен келіспейді.
Михаил Саакашвили сегіз жылдан кейін туған жеріне оралғаны туралы өзінің Facebook парақшасында жазған болатын.
Халық қорғаушысы Саакашвили тұтқындау кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне наразылық танытпағандығын, есікті өзі ашып, кіргізгенін мәлімдеді.
Саакашвилидің адвокаты Пека Басилая оны кешіріммен босатуға болатынын айтты. Дегенмен Грузия президенті Саломе Зурабишвили Саакашвилиге кешірім берілмейтінін мәлімдеді.
Михаил Саакашвили 6 қыркүйекте Facebook парақшасында 2 қазанға белгіленген жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға дейін Грузияға оралуға ниетті екенін жеткізген.
Ол Грузия екі рет қатарынан – 2004 -2013 жылдары президенті қызметін атқарды. Ол өз елінде түрлі қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін алты жылға бас бостандығынан айрылып, ішкі іздеуде жүрген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық