Грузияда мерт болған бойжеткен ісінде жаңа нұсқа пайда болды
Бесик Тордуаның адвокаты марқұм мен айыпталушы үйленбекші болғанын, араларында ешқандай түсініспеушілік болмағанын айтты.
Адвокат бұлтартпау шарасы туралы шешімге шағым түсіріп, оны кепілмен босатуды талап етуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Orda.kz Sputnik Грузияға сілтеме жасап.
Еске салсақ, 5 мамырда Тбилисиде Қазақстан азаматы өлі күйінде табылды. Келесі күні, 6 мамырда полиция 57 жастағы Бесик Тордуаны 26 жастағы бойжеткенді зорлап, өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген айыппен қамауға алды. Күдік расталса, ол 8-10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
– Бұл ақылға қонымсыз, менің клиентім марқұммен жақсы қарым-қатынаста болды. Екеуі тіпті үйленбекші болған. Зорлық-зомбылықтың болмағаны туралы дәлелдер бар. Айыптаушы тараптың Бесоға қарсы дәлелдері жоқ. Олардың күмәнін растайтын тек – аудио жазба. Айыптауға негіз болатын нәрсе - өзара сөйлесу жазбасы. Бірақ түпнұсқаны тыңдасаңыз, Бесоның сабырмен сөйлегенін түсінесіз. Оның әңгімелесуі зорлық-зомбылық көрсеткіші емес, - деді адвокат Лаша Шукакидзе.
Адвокат бірнеше куәгерлердің айғақтарына сүйеніп Тордуа мен Айтпаева арасында ешқандай араздық болмаған дейді. Ол сонымен қатар қыз Бесиктің үйіне өз қалауымен көшіп келген деп мәлімдеді.
– Оның үйіне көшуі қыздың өз өтінішімен болды. Әпкесінің күйеуі Мұрат оны екі күн бойы зорлаған. Ол Бесоға оны тек 30-ы айтқан. Сол күні кешке Руставиға оралғанда, Бесо оған «коменданттық сағат» салдарынан Тбилисиге оралуға кеш болғандықтан, олармен бірге Руставиде қалатынын айтты. Сол кезде Әсел оған Мүраттың зорлағанын, сондықтан қайтқысы келмейтінін мойындаған.
Осыдан кейін Тордуа Әселге Тбилисиде қасында болуды немесе Руставидегі пәтеріне көшуді ұсынды. Бесо оған жалдамалы пәтер табуға көмектеспекші болғандықтан, қыз онымен қалады.
– Қызға қатысты зорлық-зомбылық туралы білген Тордуа қылмыскерді полицияға тапсырғысы келді, ал Әсел полиция бөліміне барғысы келмеді. Сол уақытта Тордуа Мұратты ұрып, оны елден кетуге мәжбүр етті, - деді адвокат.
Кейін адвокат Әсел өз- өзіне қол жұмсауға бейім болғанын да айтты.
Марқұмның анасы 9 мамырда Тбилисиге ұшып барды. Ол қызының өз-өзіне қол жұмсағанына мүлде сенбейді.
Істі тергеу жалғасуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық