Грузияда қайтыс болған Әселдің азапталған суреттері жария болды
Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваға қатысты ата-анасы жаңа дәйек келтірді. Қызының өлер алдында азапталған суреттерін Тбилисидегі құқық қорғаушылар оқиға болған күні түсірген екен. Бірақ ата-анасының қолына тек бір жылдан кейін тиіпті.
Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Әселдің денесіндегі күйік іздерін көрген анасы айтарға сөз таппай отыр.
– Басында бірде-бір қанның ізі жоқ. Ал денесіндегі қызыл жаралар күйіктің ізі. Қызымды күйдірген. Қалайша? Қазақстан тарапының маған құлақ аспайтынына таңғаламын. Неге олар сараптама дайындауға асықпайды? Көмектескісі келмейді. Олар өзін-өзі өлтіру дейді. Қараңыздар, суреттен анық көрініп тұр. Біреу өлтіріп, осы жерге лақтырып кеткен сияқты. Менің нұсқам осындай. Қызым ешқайдан да құлаған жоқ, – дейді марқұм Әселдің анасы Айсұлу Айтбаева.
Суретпен мұқият танысып шыққан Әселдің ата-анасы қызының арқасы, қолы мен аяғындағы кесілген іздерді байқаған. Әсіресе оң жағында көп. Грузияның сот-медициналық сарапшылары марқұмның денесіндегі жаралар күлбіреп кеткен деп анықтама беріпті. Айсұлу Айтбаева мұндай белгі тек күйіктен кейін пайда болады деп есептейді.
Оның болжамынша, бойжеткен көпқабатты үйдің балконынан құламас бұрын өлуі мүмкін. Сондықтан қыздың әке-шешесі Қазақстан мен Грузия тергеушілерінің «өлді» деген нұсқасымен келіспейді.
Отандасымыздың қазасына құқық қорғау органдары Грузия азаматы Бесик Тордуаны кінәлады. Оған қызды зорлады деген де айып тағылды. Алайда күдікті ұсталғаннан кейін екі айдан соң инфарктан түрмеде қайтыс болды.
Қазір Әсел Айтбаеваның өліміне қатысы бар деген күдікпен жездесі Мұрат Мейірбеков қамауда отыр. Оған «адам саудасы» және «зорлау» бабы бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу-тексерудің жүріп жатқанына бір жылдан асты. Бүгін алдын ала сот тыңдалымының 7 маусымда өтетіні белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық