Грузияда қайтыс болған Әселдің анасы күйеу баласының жазаланғанын қалайды
Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның анасы тергеудің әділ болуын талап етуде. Қыздың анасы — Айсұлу Айтпаева бұл іске Әселдің күйеуінің де қатысы бар деп күмәнданады. Себебі Грузияға қызын алып барған оның күйеуі.
Бұған дейін терезеден секіріп кетті делінген Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретінді Грузия азаматы қамауға алынғанын хабарлағанбыз. Оны зорлау мен адамды өзіне қол жұмсауға жеткізу әрекеті үшін жазаға тартпақ. Ал Әселдің анасы күйеу баласы да жазалануы керек деп есептейді.
— Әселді күйеу бала алып кеткен. Сол күні Қазақстаннан әртүрлі рейспен бес қызды жіберіпті. Ал Әсел қайтыс болған күні ол Нұр-Сұлтанға ұшып келді, - дейді Айсұлу Айтпаева.
Оның айтуынша, күйеу баласы неге екені белгісіз Грузияда тегін ауыстырып жүрген.
— Мен Әселдің өліміне дейін түнгі сағат он бір жарымда қызыммен сөйлескенмін. Сол кезде соңғы рет тілдестік. Қызым маған бәрі жақсы екенін айтты. Бірақ мен оның даусынан бір нәрсеге алаңдап тұрғанын сездім. «Көмек, болмаса ақша керек пе?» деп сұрадым. Оның жанында біреу болған сияқты, - дейді Әселдің анасы.
Әселді Грузияға көлік алып-сататын бір фирмаға жұмысқа шақырған екен. Бірақ күйеу баласы оны алдап кетіпті.
— Менде аудиожазбалар бар. Жазбада бір ер адам қызымның үстіне қайнаған су құямын деп қорқытады. Сосын «секір, секір» дейді. Қазір Грузияда біреуді күдікті ретінде ұстапты. Бірақ мен күйеу баламның жазаланғанын қалаймын. Сонда ол түк болмағандай жүруі керек пе ? Ол да, оның туыстары да кешірім сұраған жоқ, - дейді анасы.
Әселдің анасы күйеу баласының кесірінен қызы зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтып, оның жазаланғанын қалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық