Грузия Ресейге қарсы санкцияларға қатысудан бас тартты
Фото: Fotolia / Aquir
Грузия билігі Батыстың Украинадағы жағдайы аясында Ресейге салған экономикалық және қаржылық санкцияларын қолдамайды. Бұл туралы Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили мәлімдеді.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, премьер-министр Тбилиси халықаралық серіктестердің әрекетін қадағалап отырғанын, бірақ оларды қолдаудан бас тартатынын алға тартты.
«Мен Грузияның біздің ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, қаржылық және экономикалық санкцияларға қатыспайтынын анық айтқым келеді» деді ол.
Бұған дейін Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Киев оның қауіпсіздігіне кепілдік болса, Мәскеумен бейтарап статус туралы келіссөздер жүргізу дайын екенін мәлімдеген.
Еуроодақ (ЕО) елдерінің басшылары Донбастағы әскери операцияға жауап ретінде үшінші санкциялар пакетін әзірлеп жатыр.
Еске салсақ, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдаған. Украина лидері Владимир Зеленский Ресей Федерациясымен дипломатиялық қарым-қатынасты үзетінін мәлімдеді. Киев Мәскеуден елшілік қызметкерлерін эвакуациялауды бастады.
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды