Грекияны өртеген қазақстандықтар жазадан құтылды
фото: ekathimerini.com
Грецияда орналасқан Идра аралындағы өрт туралы даудың тергеу жұмысы аяқталды. Бұл оқиғаға элиталық яхтада демалып жатқан қазақстандық бай туристер күдікті болған еді.
Бұл туралы Kathimerini хабарлады.
Гректің Kathimerini басылымының хабарлауынша, яхта капитаны Данияр Абулғазиннің жетекшілігіндегі қазақстандық қонақтар демалып жатқан Persephoni I яхтасының капитаны оқиғада толық кінәсін мойындады. Идра аралының мэрі Георгиос Кукудакистің айтуынша, болған жойқын өрттің нәтижесінде «өте әдемі қарағай орманы» жойылды.
2 тамызда Persephoni I яхтасының капитаны өрт үшін толық жауапкершілікті мойнына алып, қосымша мәлімдеме жасады. Ол басқа экипаж мүшелері мен Қазақстаннан келген туристердің оқиғаға қатысы жоқ екенін атап өтті. Сонда да капитанның бұл мәлімдемесі 13 экипаж мүшесіне қатысты сот ісінің басталуына әкелуі мүмкін.
Kathimerini мәліметтері бойынша, капитан 15 отшашуды сатып алғанын және оларды теңіздегі жартаста орналастырып, іске қосқанын айтқан. Олардың 14-і аралдың жанынан түскен, бірақ бірі қарама-қарсы бағытта тік жартастардың біріне түсіп, өрттің туындауына себеп болған. Капитан әрекетін басқа экипаж мүшелерінің көмегінсіз және яхтаның тапсырыс берушісінің рұқсатынсыз, өз бастамасымен жасағанын мәлімдеді.
Капитан осыған дейін жасаған мәлімдемелерін теріске шығарып, оқиғаларды мең-зең күйде болғандықтан, дұрыс баяндамағанын айтты.
Идра аралындағы өрт 22 маусымда болды. Өрт аралдағы жалғыз қарағай орманын қамтып, 1,2 мың гектар аумаққа таралды. Болған оқиғаға Қазақстаннан келген бай туристер демалып жатқан «Персефона I» (Persephoni I) яхтасынан атылған отшашу түрткі болды делінді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өрт бойынша тергеуге тартылған қазақстандық азаматтардың бұл істің арасында болмағанын атап өтті. Расымен, яхтада демалған қазақстандықтар босатылды. 1 шілдеде олигарх Данияр Абулғазин яхтаны өзіне және қонақтарға жалға алғанын растап, құқық бұзушылыққа қатысты кінәсін жоққа шығарды.
«Персефона І яхтасын 2024 жылдың 15 маусымы сағат 12:00-ден 2024 жылдың 22 маусымы 12:00-ге дейін өзіме және достарыма Грекия аралдары бойынша круиз ұйымдастыру үшін жалға алдым. 22 маусымда Қазақстанға кетер алдында Грекия билігінің өкілдері бізбен сөйлесіп, ешқандай талаптары жоқ екенін айтты. Осылайша біз алдын ала жоспарлаған саяхатымызды жалғастырдық. Айта кетейік, кей қонақтар 2024 жылдың 21 маусымында таңертең кетіп қалған еді», – деді кәсіпкер.
Бұған дейін кәсіпкер елге оралғаннан кейін түрлі айыптаулар айтылған болатын. Ол сол жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.
«Баспасөзде жарияланған айыптаулар біз үшін күтпеген жағдай болды. Мен кез келген заң бұзушылықты үзілді-кесілді қарсымын. Мен де, қонақтарым да өртке әкеп соқтыратын әрекет жасаған жоқпыз. Яхтада белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтадық. Мен яхта экипажынан немесе басқа үшінші тұлғалардан өрт шығатын қандай да бір әрекет жасауды сұраған жоқпын. Біз үнемі қажетті қауіпсіздік шараларын ұстанамыз және мұндай оқиғаларды болдырмау үшін заңдар мен ережелерді қатаң сақтаймыз», – деп айтқан кәсіпкер.
Еске сала кетсек, Orda.kz Грекияда қазақстандықтар жалға алған «Персефона I» яхтасы ұйымдастырған өрттің алғашқы сағаттары туралы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Алаяқтар қалайша рақымшылыққа ілінді?: «Қазақтың Робин Гуды» Сәриев 3 жыл 8 айға сотталды, Дүйсеева сот залынан босатылды
- Өгей әкесі үш баласын азаптағаны үшін төрт жылға сотталды
- Астанада жас қыз көпірден секіріп кетті
- Еуропалық кеңесінің басшысы Антониу Кошта Ақордаға келді
- Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылады
- Таразда сот топтасып қыз зорлаған жасөспірімдердің жазасын ауырлатты
- Риддерде мұғалімдер мектеп басшылығынан қысым көргендерін айтып үндеу жолдады
- Алматыда жер сілкінді
- Қарағанды облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізуші көз жұмды
- Сенат «ЛГБТ насихатына тыйым салу» туралы заң жобасын қарауды кейінге қалдырды
- Енді зейнетақы жинағындағы артық қаражатқа көз емдеуге тыйым салынады
- Мемлекеттік тапсырыс үшін пара алған Алматыдағы емхана директоры сотталды
- Бүгін Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді
- Бейбарыс Қаблан таеквондодан өткен әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанды
- «Сұрақ, жауап алдын ала беріледі»: экс-депутат мәжіліс жиындарының сценариймен өтетінін айтты
- Тоқаев әскердегі сарбаздардың қазасына қатысты кеңес өткізді
- «Қорқынышты фильмдегідей»: Шығыс Қазақстандағы сүрең тартқан ауруханаларға тұрғындар наразы болды
- Қостанайда полициядан қашқан ер адам опат болды
- Қоғамдық орындарда никаб кигендерге 43 мың теңге айыппұл салынады
- Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураға өтті