«Грекиядағы өртке қатысы бар»: Экс-министр Сүлейменовтің қызы Ресей азаматтығынан бас тартты
Фото: Forbes
Елдегі ең бай әйелдердің бірі, олигарх Данияр Әбілғазиннің жұбайы Айдан Сүлейменова ресейлік төлқұжатынан бас тартуға шешім қабылдады.
11 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин «Ресей азаматтығына қабылдау және Ресей азаматтығынан шығу туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, төрт адам ресейлік төлқұжаттан бас тарту туралы өтініш берген. Олардың арасынан Сүлейменова да бар.
Айдан Сүлейменова - елдегі ең бай әйелдердің бірі. «ADD Invest Properties» ЖШС басқарушы компаниясы арқылы Құлыбаевтармен бірге Астанадағы «Керуен», «Керуен сити» және «Талан галереясы» атты бірнеше сауда және ойын-сауық орталықтарына иелік етеді.
Сонымен қатар, кәсіпкер әйел Қазақстанның бірінші сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы және қазақстандық Forbes нұсқасы бойынша ең бай бизнесмендер тізімінде тұрған Данияр Әбілғазиннің әйелі.
23 маусымда Грекияда абайсызда өрт қойды деген күдікпен сотқа 13 адам келген, Олар қазақстандық бизнесмендердің бірі Данияр Әбілғазиннің қонақтары екені белгілі болды. Өрт Гидра аралындағы жалғыз қарағайлы орманды шарпыған, өрттің шығуына туристер тобы демалып жатқан элиталық яхтадан атылған отшашу себеп болған. 22 маусымда алты тікұшақ пен екі өрт сөндіру бригадасының көмегімен өрт сөндірілген кезде шамамен 1,2 мың гектар орман алқабы өртке шарпылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық