Грецияда ер адам вакцинадан сегіз минуттан кейін көз жұмды
Криттегі Ираклион университеті ауруханасында 85 жастағы ер адам COVID-19 вакцинациясынан сегіз минут өткен соң қайтыс болды, деп хабарлайды ORDA. ERT қоғамдық телеарнасына сілтеме жасап.
Егде жастағы адам екпеден кейін қабылдау бөлмесінде отырып кенеттен құлаған. Дәрігерлер бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ер кісі реанимацияға жетпей қайтыс болды, деп хабарлайды телеарна.
Бірінші экспертиза бойынша оның қайтыс болуы екпеге немесе аллергиялық анафилактикалық шоктың салдарынан емес.
Дәрігерлер бұл екпемен тұспа-тұс келген кенет өлім деп санайды. Ғылыми тұрғыдан кез-келген екпеден кейін болатын өлім тіркелмеген.
Сонымен қатар, өлімнің нақты себептерін анықтау үшін дәрігерлер шұғыл сот-медициналық сараптаманың қажеттігін айтты.
Грецияда екпе 27 желтоқсанда басталды. Күн сайын 20 мыңнан астам екпе жасалады.
Грецияда Pfizer/BioNTech және Moderna вакциналары қолданылады. 15 ақпаннан бастап AstraZeneca вакциналары егіле бастады, ол тек 60 жастан 64 жасқа дейінгі топтар үшін қолданылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде коронавирустың 108 миллионнан астам жағдайы тіркелген. 2,3 миллионнан астам адам пандемияның құрбаны болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық