«Грант сатқан»: Таразда колледж директоры парамен ұсталды
Фото: freepik.com
Таразда колледж директоры студентті мемлекеттің гранты арқылы оқыту үшін пара алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Тараз қаласы №2 сотында колледж директоры А. мен пара берді деп айыпталған сотталушы Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылдың қыркүйегінде колледж директоры өзінің қарамағындағы оқытушы - азаматша Ш.-дан «ақпараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ұлын грантқа түсіру үшін 80 мың теңге көлемінде пара алған.
Оның кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, яғни сотталушылардың, куәлердің айғақтарымен, тінту хаттамасымен, құпия тергеу құжаттарымен және басқа да заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Колледж директорына мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына тыйым салынып, параның 25 еселенген сомасы, яғни 2 млн. теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Ш.-ға - мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына тыйым салынып, параның 15 еселенген сомасы, яғни 1,2 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық