Горький атындағы демалыс паркінде жатақхана салына ма!?

cover

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Алматыдағы Горький атындағы демалыс паркінде студенттер жатақханасын салу жоспарына жергілікті тұрғындар тарапынан үлкен қарсылық болып жатыр. Қалалықтар демалатын жерде неліктен жатақхана салынуы тиіс және бұл жер қалайша университетке тиесілі болып шықты? ORDA зерттеулері.


Жатақхананы Төле би көшесі жағындағы велотрек орналасқан жерден салу жоспарланған.

Общежитие в парке Горького. Причем здесь Байбек?

Жергілікті тұрғын Олеся Осипова бұл құрылыс туралы хабар оларға қалай белгілі болғаны жайлы:

- Бірнеше күн бұрын көршілер бұл жерде жатақхана құрылысы жүретіні туралы кездейсоқ білген. Құрылыс жүретін жер бірнеше жыл бұрын университетке беріліпті. Әрине, тұрғындар үшін бұл тосын жайт болатын. Жергілікті тұрғындармен өткен жиналыста ҚазҰПУ проректоры Ғабит Дулатов 2011 жылы осы парктің 4 гектар жері университет меншігіне берілгендігін айтты. «Бұл жердің иесі - біз» деген проректор, деді.

Общежитие в парке Горького. Причем здесь Байбек?
Ғабит Дулатов, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры

- 2011 жылы 11 сотық болатын бұл жер спорт колледжінің балансынан алынып, мемлекет оны біздің меншігімізге аударып берді. Бәрі заңды. Біз құрылысты мемлекеттік бағдарламамен жүргіземіз.

2018 жылы Бауыржан Байбек қала әкімі болып тұрған кезде бұл жердің бұрынғы нақты атауы «жатақханаға арналған» деп өзгертілді. Осы құжатқа байланысты қаланың ең байырғы демалыс паркінің аумағында студенттер жатақханасын салуға рұқсат берілген.

Общежитие в парке Горького. Причем здесь Байбек?
Орталық парктің мақсатты аумағының өзгертілуі туралы әкімнің Қаулысы.

- 2018 жылы бізге осы жерде жатақхана салуға рұқсат берілді. Құжаттар бойынша бұл біздің жеріміз. 10 жылдан астам уақыттан бері жер иесі біздің университет болып табылады, дейді университет проректоры.

Содан бері университет әкімдікпен бірлесе отырып осы құрылысты жүргізетін инвестор іздестірген.

- Біз - тапсырыс беруші, ал инвестор - «Аль-Мансур. kz» құрылыс компаниясы біріге отырып құрылыс жүргізуге керекті барлық құжаттарды дайындап, келістік. Енді экспертизаға өткізілген құжаттардың жауабын күтудеміз. 1 наурызда қоғамдық тыңдаулар өтеді. Бұл - инвестордың шешімі.

Жұмбақ инвестор

Аталған құрылыс компаниясы ашық деректер бойынша 2015 жылдың тамызында тіркелген. Компанияның басшысы да, құрылтайшысы да –Жомарт Рақышев.

Общежитие в парке Горького. Причем здесь Байбек?
Сурет: adat.kz

Компания құрылғалы 5 жыл ішінде төленген салық тек 2016 жылы ғана 415 900 теңгені құраған. Қалған жылдары компания салық төлемеген.

Бұл құрылыс компаниясынан басқа Жомарт Рақышев астанадағы «АВАКС» Күзет агенттігі филиалының басшысы ретінде де белгілі.

Осы компания қандай талаптарға сай инвестор ретінде таңдалып алынды? Ашық деректерде бұл компанияның жүргізген құрылыстары туралы ешқандай мәлімет жоқ. Басшысының да байланыс деректері еш жерден табылмады. Тек жұртшылықтың ескерту-ұсыныстарды жіберуге болатын электронды поштасы ғана көрсетілген :а[email protected]. Инвестор-компания басшысының байланыс нөмірлерін сұрағанымызда университет өкілі оларда Жомарт Рақышевтың телефондары жоқ екенін айтты.

Инвестор таңдау кезінде университетке көптеген құрылыс компаниялары бірігіп жұмыс істеуге ұсыныс жасаған болатын.

- Бірақ олардың ұсынған шарттары бізге тиімсіз еді: мысалы, құрылыс аяқталған соң жерді оларға иелікке беру немесе 8 жылдан кейін дайын жатақхананы оларға беру сияқты. «Аль-Мансур. kz» компаниясы ғана құрылысты өз қаржысына жүргізіп, біткен соң университет олармен есептесетін шарт бізге ыңғайлы болғандықтан біз олармен келістік.

«Біз құрылысқа қарсымыз!»

Бүгінгі күнге аталған университетте 13 мыңнан астам студент оқиды. Олардың 5 мыңы жатақханаға зәру. Проректор Дулатовтың айтуынша қазір Білім министрлігімен жатақхананы басқа жерден салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Алайда тұрғындардың айтуынша паркте құрылысқа дайындық жұмыстары басталған сияқты. Паркке геодезистер келіп жұмысты бастады - дейді тұрғындар.

Общежитие в парке Горького. Причем здесь Байбек?
Олеся Осипова, жергілікті тұрғын

Олесяның сөзіне қарағанда паркке тиесілі жерлер ақырындап гектарлап, көпшілікке жария етілмей сатылып жатыр. Парк ішінде салынған құрылыс нысандары аз емес, олар құпия түрде сатылған жерлерде тұрғызылуда. Салынып болған соң бірнеше жылдан кейін ғана барып сатылған жер екені белгілі болып жатыр.

Жергілікті тұрғын Серік Шынтасовтың айтуынша бүгінде парктің аумағы бұрынғыдан үш есеге азайған. Ал салынатын жатақхана кейін коммерциялық нысан ретінде пайдаланылады ғой - дейді ол.

Общежитие в парке Горького. Причем здесь Байбек?
Жергілікті тұрғын Серік Шынтасов

- Былтыр тиісті мекемелер қатысқан қаланың құрылысы жөніндегі кеңесте Алматы қаласының тарихи орталығының шекарасы белгіленген болатын. Қай жерде құрылыс жүргізуге болмайтыны анық айтылып, нүкте қойылған еді. Ал орталық парк – ол Алматының тарихи бөлігі. Енді мұнда жатақхана саламыз дейді. Бұл көзалдау ғана, өйткені жатақхана кейін коммерциялық нысанға айналары анық.

Жатақхана салынатын жер неліктен орталық парк болып отырғаны жұртшылыққа түсініксіз тұстардың бірі.

- Біз студенттерге жатақхана салынуына қарсы емеспіз. Бірақ мынаны айтыңызшы, демалыс орнындағы жатақханада жастарға қандай тәрбие болады? Төңірек демалушылардың у-шуына, толассыз машина ағынына, даңғыраған музыкаға, ойын-сауыққа толып жатқан жерде студент өзін қалай сезінеді? Оқығысы келмейтін жастарға бұл тіпті жақсы сылтау емес пе?

Светлана Прихватилова парктегі құрылысқа дайындық қоғамдық тыңдауға дейін басталып кеткеніне наразы.

Общежитие в парке Горького. Причем здесь Байбек?
Светлана Прихватилова, жергілікті тұрғын

- Бұл халыққа тиесілі жер. Орталық парктің қала тынысына пайдасы зор. Бұрынғы парктен қазір түк қалмады. Ағаштарды кесейін деп жатыр. Ол ағаштарды соғысқа кеткен аталарымыз отырғызған болатын. Ал кесілген ағаштардың дәл осындай болып өсуіне үш ұрпақтың өмірі керек әлі. Бұған дейін де паркке құрылыстар салып тастаған, енді жатақхана саламыз дейді. Бұрын халықтан парктегі жерді келіспей, үндеместен алып отыратын. Ал енді біз оларға паркке тиесілі, халыққа тиесілі жерді жатақхана салуға жол бермейміз.

Алматылықтар паркке тиесілі жердің университетке берілу заңдылығына да күмән келтіреді. Олар осы мәселеге байланысты шағым хаттарын президент Тоқаевтың атына, прокуратура мен «Нұр-Отанға» жолдаған болатын.

Парктегі жердің біреуге берілу заңдылығы туралы басты сұрақ экс-әкім Бауыржан Байбек пен прокуратураға қойылды.

Общежитие в парке Горького. Причем здесь Байбек?

Жергілікті тұрғын Айдана Жылқайдарованың хабарлауынша бұл құрылыстың салынуы жөнінде алматылықтар бірнеше рет жиналған болатын, әлі де жиналатын сыңайлы.

- Біз мұнымен тоқтамаймыз. Бұл жерге мердігерлер келіп, құрылыс жабдықтарын тасып әкеліп, жұмысты бастамақшы болды. Бір жақсысы, бізді мәслихат қолдап отыр. Олар да бұл құрылысқа қарсы. Біздің шағымхатымыз 15 күн қаралады екен. Бұл бассыздық тоқтатылады деген үмітіміз бар. Нұр-Отанға шағым жіберген едік, одан әлі жауап жоқ. Бізге белгілісі, парктегі жерге жатақхана салуға рұқсатты Байбектің бергені. Бұл туралы Тоқаевтан бастап ЮНЕСКО - ға дейін жаздық. Алматыда жатақхана салуға басқа жер табылар деп ойлаймын.

Алматының әкімі Сағынтаевқа да оның тікелей эфирдегі кезінде осы туралы жазған едік, бірақ ол өтінішіміз оған жетпеді, қабылдамады.

- Ресми түрдегі шағымхатымыз ғана қабылданып, соған жауап беріледі - деді әкімнің қасындағылар.

Тұрғындар жиналысында Медеу ауданы әкімінің көмекшісі болған еді, ол ешқандай түсінік берген жоқ бізге, дейді Айдана Жылқайдарова.

Алматының байырғы тұрғыны Нина Умбина «Орталық парк қаланың тарихи жері, ол жерден біз әкелерімізді соғысқа шығарып салғанбыз, бұл тарихи жерді біз келешек ұрпаққа аман жеткізуіміз керек, дейді.

Жерді тартып алу ма әлде шектен шығу ма?

«Алматыны қорғаймыз» қоғамдық ұйымының өкілі Салтанат Ташимова Горький атындағы орталық парк пен 28 панфиловшылар атындағы паркті заңды түрде қорғау керек. Оларға тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесін беру керек. Ал паркте жатақхана салу - ол шектен шыққандық, дейді.

Общежитие в парке Горького. Причем здесь Байбек?
Салтанат Ташимова

- 4 гектар жер бірнеше жыл бұрын тұрғындардың келісімінсіз университетке беріліп қойған. Парктің іші мен оның төңірегін бұған дейін де заңсыз салынған нысандардан тазарту керек.

Салтанат Ташимова жекеменшік құрылыс компанияларына бұған дейін де құрылыс жүргізуге беріліп қойған көптеген фактілерді атай отырып, олардың барлығы тұрғындармен келіспей салынған нысандар екенін және ондай нысандардың қаланың іші ғана емес, тау бөктеріндегі аймақтарда көп екендігін атады.

- Қалада ондай құрылыс салу Храпуновтың кезінде басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. Біз қазір ең құрымаса қалған жерді халық үшін сақтап қалуымыз керек, дейді қоғам белсендісі.

Авторы: Сауле Саденова

Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар