Google және Nike жетекшілері қатысқан семинар. Силикон алқабының білгірі Астанада кәсіпкерлерді оқытады
Астанада өтетін аталмыш семинарда Google және Nike жетекшілері кәсіпкерлерге дәріс өткізбекші.
Елордада кәсіпкерлер, стартапшылар және бизнес пен технологияға қызығушылық танытқандардың барлығы үшін бірегей шара өтеді. Бұл Силикон алқабының көкжалдары қатысатын қарқынды семинар болады деп жоспарлануда.
Вивек Вадхва – жаңа технологиялар саласындағы сарапшы, Стэнфорд пен Гарвардтың профессоры, ол капиталдандыруы бірнеше миллиард доллар болатын бес компанияны IPO-ға шығарды. Foreign Policy журналы оны әлемдегі 100 жаһандық ойшылдардың бірі деп атады, ал Вивек Вадхва TIME журналының Tech40 тізіміне енгізіліп, технологиядағы ең ықпалды «піскен бастың» бірі атанды.
Осы көрнекті сарапшының екі күндік қарқынды курсы 8-9 қазанда Астана қаласында өтеді.
Вивек Вадхваның шеберлік сабағы жүздеген бизнес көшбасшыларына 25-тен астам елде ауқымын кеңейтуге көмектесті. Google, Microsoft, IBM, Nike, жапондық Fujitsu компаниясы, энергетика саласындағы америкалық көшбасшы NextEra Energy, малайзиялық Sime Darby конгломераты және басқа да ірі әлемдік корпорациялардың менеджерлері мен қызметкерлері оның оқуына қатысқан.
Оқыту бағдарламасы нақты құралдарды, практикалық әдістерді және әрекеттің жұмыс алгоритмдерін ұсынады. Қарқынды курс бұзылған инновациялар дәуірінде компаниялардың қалай құрылатыны және бейімделуі, бизнесті қалай масштабтау керек, алдағы 20 жылда қандай тауарлар сұранысқа ие болатыны және жаңа форматтағы кәсіпкерде қандай қасиеттер болуы керек екендігі туралы түсінік береді.
Семинарға кім қызығушылық танытады:
• өз өнімдерін нарыққа және ауқымға бейімдеуге ұмтылатын стартаптар мен кәсіпкерлер;
• мансабында және бизнесінде жаңа өсу нүктелерін іздейтін қызметкерлер;
• жаңа бизнес үлгілері мен көп миллиард долларлық компанияларды дамыту жолдары туралы білгісі келетін басшылар;
• озық технологияларға қызығушылық танытатын корпорациялар;
• жаңа өндірістер үшін нормативтік-құқықтық базаны құруды қалайтын мемлекеттік қызметкерлер.
Семинар нетворкинг үшін тамаша мүмкіндік, қатысушылар арасында 100 жетекші қазақстандық бизнесмендер бар. Олардың қатарында Айдын Рахымбаев (BI Group), Қанат Көпбаев (YPO Kazakhstan, Kusto Group), Исламбек Салжанов (Altyn Qyran Group), Дулат Тастекеев (Тас Групп), Мұхатаев Айдос (Eurasia Copper PLC), Самат Даумов - (Phoenix Mining, Turan Metals, MYD production, Grata International), Асхат Омаров (BI Group Engeneering, BI Group), Рауан Кенжеханұлы (Bilim Media Group).
Семинар 5-6 қазан күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында өтеді деп жоспарланып отыр. Іс-шара қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аудармамен өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық