Гонконгте 50 белсенді қамауға алынды
Tycoon and Apple Daily Newspaper owner Jimmy Lai shouts slogan before he is taken away by police officer at an area previously blocked by pro-democracy supporters, outside the government headquarters in Hong Kong, December 11, 2014. Hong Kong authorities started on Thursday clearing the main pro-democracy protest site that has choked roads into the city's most economically and politically important district for more than two months as part of a campaign to demand free elections. REUTERS/Athit Perawongmetha (CHINA - Tags: POLITICS CIVIL UNREST BUSINESS) - GM1EACB1H6501
Amnesty International бұл тұтқындауларды ұлттық қауіпсіздік заңының билікке қарсы шығуға батылы барған адам үшін жазаға қалай айналдырылып жатқанының көрінісі деп сипаттады.
Гонконгте полиция рейдтері кезінде 53 танымал оппозиция қайраткерлері қамауға алынды. Оларға қала билігін «құлатпақ болды» деп айып тағылып отыр, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
Белсенділер 2020 жылы өтуі керек болған, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылған оппозициялық сайлауға (праймеризге) үміткерлерді бейресми алдын-ала іріктеумен айналысқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қамауға алынғандардың арасында Азаматтық партияның үш мүшесі, Демократиялық партияның жеті өкілі, оппозицияның 21 жергілікті кеңесінің өкілі, праймеризге 13 үміткер, праймериздің стратегиясын жасаған екі ғалым және бір американдық адам құқықтары жөніндегі адвокат бар.
Гонконг қауіпсіздік хатшысы Джон Ли тұтқындаулар қала үкіметін «төңкеруге» күдіктілерге қарсы операцияның бір бөлігі екенін растап, үкімет мұндай «диверсияға» жол бермейді деді. Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чуньин тұтқындаулар «Қытайдың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге тырысқан сыртқы күштер мен адамдардың қастандығын» тоқтату үшін қажет деп санайды.
Amnesty International құқық қорғау ұйымы тұтқындауларды «ұлттық қауіпсіздік заңының билікке қарсы шығуға батылы барған адам үшін жазаның қаруға айналатынының айқын көрінісі» деп атады.
2020 жылдың шілдесінде оппозициялық партиялардың альянсы қыркүйек айындағы сайлауда Гонконг заң шығару кеңесінде қай кандидаттардың жеңіске жетуге мүмкіндігі жоғары екенін анықтау үшін тәуелсіз праймериз ұйымдастырды.
Праймеризге 600 000-нан астам адам қатысты, бірақ сайып келгенде, қауіпсіздік мақсатында пандемияға байланысты сайлау кейінге шегерілді, дейді билік. Оппозициялық топтар парламентте көбірек орын алу арқылы үкіметтің ұсыныстарына тосқауыл қояды және демократиялық реформаларды талап ету үшін қысымды күшейтеді деп үміттенді.
Содан кейін Гонконг басшысы Керри Лам праймериздер үміткерлер сайлау арқылы үкіметтің саясатына араласқысы келсе, диверсия деп саналатынын ескертті.
Қауіпсіздік туралы заңға сәйкес, тұрғындар Пекин аумағында өз билігіне қауіп төндіреді деп санайтын кез-келген әрекеті үшін, оның ішінде тәуелсіздікке және қалаусыз шетелдік ұйымдармен ынтымақтастыққа шақырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Жаңалықтар
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан