Головкиннің жаттықтырушысы Қазақстанның ұлттық құрамасына қызметке келді
Фото: instagram / Кристофер Камачо
Америкалық жаттықтырушы Кристофер Камачо Геннадий Головкинмен соңғы жекпе-жектерде жұмыс істеген. Енді ол Қазақстанның бокс құрамасына қосылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді ол халықаралық аренадағы спортшылардың физикалық дайындықтарына жауап береді. Камачоның тек Головкинмен ғана емес, Хабиб Нурмагомедов, Даниэль Кормье сияқты әлемдік спорт жұлдыздарымен де жұмыс істегені белгілі.
Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов өзінің instagram парақшасында пікір қалдырды.
«Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің физикалық даярлығына көмектескен Кристофер Камачо Қазақстанға келді. Америкалық маман енді бокстан ұлттық құраманың физикалық дайындығына жауапты болады. Камачо Головкиннен бөлек Хабиб Нурмагомедов, Кейн Веласкес, Даниэль Кормье, Люк Рокхолд пен Брэндон Адамс секілді мықтыларға да көмектескен. Өте жақсы жаңалық. Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп отандық боксқа реформа қажет деп еді. Сол үлкен өзгерістердің бастамасы деп үміттенеміз. Сәттілік!», — деді Аслан Қаженов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық