Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан?

cover

DAZN стримингтік қызметі өзінің инстаграмында қазақстандық IBO және IBF орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкиннің қатысуымен келесі жекпе-жектің 18 желтоқсанда өтетіндігін ресми түрде жариялады.

«GGG міндетті түрде IBF титулын поляк боксшысы Камил Шереметаға қарсы қорғайды. Үлкен драмалық шоу 18 желтоқсанда өтеді», - дейді постерде.

Осыған дейін, Головкин рингке қайта оралғанын Instagram-да жариялап, рекордтық 21 титулды қорғауға бет алғанын жазған.

Головкин мен Шеремет арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатындағы Голливудтағы Hard Rock Holly Hotel and Casino-да өтеді. Шоу DAZN стримингтік қызметінде көрсетіледі.

Қазір Геннадий Головкин шайқасқа дайындалып жатыр. Ол 40 жекпе-жекке қатысқан, оның тек біреуінде мексикалық Сауль «Канело» Альварестеннен жеңілген. Головкин 35-ші кездесуін нокаутпен аяқтады. Сондай-ақ, оның рекордтық мансабында бір ойын тең болды.

Алдыңғы жекпе-жек Головкин 2019 жылдың қазан айында Нью-Йоркте өткен. Онда украиналық Сергей Деревянченконы жекпе-жек өткізіп, жеңіспен аяқтады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар