Головкин мансабын аяқтайтыны туралы мәлімдеме жасады
Фото: sports.kz
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеме жасады.
Sports.kz хабарлауынша, Головкин шетелдік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында қашан мансабын аяқтайтыны туралы айтты.
«Мен барлық қабылдаған шешімдерім дұрыс деп ойлаймын – мансабымды әрі қарай жалғастырғым келе ме? Егер мен мансабымды аяқтағым келсе, бұл да дұрыс шешім болады. Қазір маған бәрі ұнап тұр және мен жасаған барлық нәрсе мен үшін дұрыс болатынына сенімдімін» деді Геннадий Головкин.
Өз кезегінде, америкалық бокс шолушысы және itrboxing.com сайтындағы подкаст авторы Люк Кетелл қазақстандық әлем чемпионының мансабын аяқтайтын кез келді деп есептейді.
«Шынымды айтсам, Головкин мансабын аяқтайды деп үміттенемін. Оның «Канелодан» кейінгі мансабының екінші жартысы ыңғайсыз болды және ол есте қалатын нәрсе емес. Тым көп жалғасы бар жақсы фильм сияқты» деді Люк Кетелл.
Айта кетсек, GGG сәуірде 40 жасқа толады. Ол IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.
Бұған дейін Геннадий Головкин желтоқсан айында орта салмақта үш әлем чемпионы атағы үшін жапониялық Риота Муратаға қарсы жекпе-жекке шығады деп жоспарланған болатын. Алайда 29 желтоқсанда өтуі тиіс жекпе-жек кейінге шегерілді. Оған себеп Жапонияда COVID-19-ға байланысты енгізілген жаңа шектеулер. Енді жекпе-жек ақпан айында өтуі мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық