Головкин «Канеломен» жекпе-жегінен 37 млн доллар таза пайда көрді
Boxingnews24.com порталының спорт шолушысы Анхель Флауэрс отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварестің қаржылық жағдайын салыстырды. Сонымен қатар ол қос боксшының жекпе-жек үшін қанша табыс тапқанын да айтты деп хабарлайды Sports.kz.
Журналистің айтуынша, қазақстандық боксшының қаржылық жағдайы Альвареспен өткізген екі жекпе-жектен кейін арта түскен.
— Головкиннің қаржысының 90 пайыздан астамы оның Сауль Альвареске қарсы өткізген екі жекпе-жегінен түскен. Қауесеттерге сенсек, GGG-дің жеке капиталы 30-35 млн долларға дейін жетеді. «Канеломен» өткен екі кездесу Головкинге 37 млн доллар таза пайда әкелген. Салыстыру үшін Альварес Авни Йылдырыммен болған соңғы кездесуінде 20 млн доллар және Каллум Смитпен болған кездесуінде де осынша ақша тапты, - деді Анхель Флауэрс.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы болып, кездесу тең есеппен аяқталған болатын. Бір жылдан кейін тағы жекпе-жек өткізіліп, мексикалық спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Головкиннің келесі жекпе-жегі мексикалық Хайме Мунгиямен өтетіні хабарланған. Кейіннен кездесу өтпейтіні белгілі болды. ESPN телеарнасының журналисі Бернардо Пилаттидің ойынша, Мунгияның промоутері оны Геннадий Головкинге қарсы шығаруды өте қауіпті деп санаған сияқты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық