Голливудтағы стилист Әлия Назарбаеваның жомарттығы жайлы жайып салды
Фото: PalSel31 / Wikimedia Commons, CC BY-SA 4.0
Голливудта істейтін визажист әрі стилист Роберт Минасян Алматыға 15–20 жыл бұрын жасаған сапарын еске алды. Оның айтуынша, оны сол кезде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева туған күніне арнайы шақырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Минасянның сөзінше, ол Алматыда бірнеше күн болып, бір күндік жұмысы үшін қомақты ақы алған. Стилистің бұл әңгімесі журналист әрі блогер Рустам Солнцевтің YouTube арнасында жарияланған видеода айтылды.
«Қысқасы, мені туған күніне макияж жасауға Әлия Назарбаева шақырды. Сонда бес күндей жүрдім. Кешке дейін көңіл көтердік. Қанша таптым? Қыруар қаржы. Олар, сірә, сараң адамдар емес. Бір ғана макияж үшін он мың берді. Бір күнге. Ақылға сыймайды. Бірақ мен ол жақта тек жұмыс істеп қойған жоқпын, бар жағдайымыз жасалды», — деді стилист.
Минасян бұл қаражаттың қай валютамен төленгенін анық айтпады. Дегенмен әңгіме он мың АҚШ доллары туралы болуы мүмкін.
Сол сұхбатта ол Әлия Назарбаеваның Светлана есімді жақын құрбысын да еске алады. Әлия оны «гауһар тас бизнесімен айналысатын адам» деп таныстырған. Минасян Светлананың сән-салтанатын әлі күнге дейін ұмытпағанын айтады. Мысалы, ол кезде Светлананың қолында құны шамамен 50 мың доллар тұратын Birkin сөмкесі болған.
Шамамен болжап көрсек, сөз Светлана Коротенко туралы болып отыр. Ол шынымен де Әлия Назарбаеваның жақын құрбысы болған. Тіпті Назарбаева оған «Оператор РОП» ЖШС-ін басқаруды сеніп тапсырған.
Бірнеше жыл бұрын Астана соты Коротенконы бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық