Үңгірден шыққан ұлттың өкілімін – Уәлибек Әбдраимов
Әлуметтік желілерде тараған бейнежазбада «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдраимов Дәурен Абаевтың «жабайы ұлтшылдық» туралы айтқанына жауап берді.
Танымал әзілкеш бейнежазбаны Берлиндегі Рейхстагта түсірді. Оның айтуынша, Дәурен Абаевтың сөздерін көтере алмаған.
– Дәурен мырза, менің сіздің саясатыңызда шаруам жоқ. Сіз біздің Қазақстанда 90% орысша сөйлейді дедіңіз. Ал қанша пайыз қазақша сөйлейтінін айтпадыңыз? Орысша сөйлейтін 90%-ға мақтанып тұрсыз, ал өз ұлтыңыздың тілін неге солай көтермейсіз? – деді Әбдраимов.
Сонымен қатар, Уәлибек Әбдраимов Берлинде ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен дәл осы қалада жерленген Мұстафа Шоқайды еске алды.
– Осылардың аруағынан ұят болды-ау, сізге. Мен сізге қызметіңізді ауыстырыңыз деп айта алмаймын. Өйткені сіз ауыстырмайсыз бәрібір. Сіздер сол қызмет үшін өмір сүресіздер, ұлт үшін емес, - деді Шаншар театрының директоры.
Сөз соңын Уәлибек Әбдраимов өзін «үңгірден шыққан ұлттың өкілімін» деп аяқтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық