Ғалымжан Молданазардың клипі Канн кинофестивалінде жүлде алды
14 қазан күні музыкант Молданазар мен режиссер Мәлік Зеңгердің «Көгершін» әніне түсірген жаңа шығармашылық жобасының тұсаукесері өтті.
Ал жарты жылдан кейін бейнеролик көрермендер мен беделді Канн кинофестивалінің қазылар алқасын баурап алды. Бұл Ғалымжан Молданазардың соңғы екі жылдағы алғашқы әні.
«Мен Ғалымжанды Көгершін әніне түсірілген бейнебаянының жеңісімен құттықтағым келеді. Негізі бұл оның мұндай фестивальдар мен байқаулардағы алғашқы жүлдесі емес. Қазірдің өзінде осындай 30 марапаты бар! Бұл біздің жігіттердің талантын дүниежүзілік мойындау. Шын жүректен құттықтаймын!» деп жазды қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов.
Бейнебаянда музыкант балалар ойыны арқылы адамзаттың жаһандық трагедиясын көрсетіп, барша халықты бейбітшілік пен келісімге шақырады.
«Әнді жазғанда бейбітшілік символы ретіндегі көгершін бейнесі мені шабыттандырды. Бұл ән әкенің баласына берген өсиеті. Әр адамның бойында бар табиғи күш пен құдіретке қарамастан, адам өзгенің қолынан зардап шекпеуі керек, адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ екенін бәріміз есте ұстауымыз керек», - деді Ғалымжан Молданазар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық